ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МӘТІНІН ЖАЗУ
II.1. Мәтін – диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі. Мұнда дипломшы жинаған деректеме материалдарын жүйелей отырып, өз зерттеуінің нәтижесін тілдік норма деңгейінде баяндайды. Баяндаудың шығармашылық қыры қажетті ақпараттарды тауып, зертеу нысананың табиғатын ашуға дұрыс қолдана білу болып табылады. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге мәтіндер мазмұндық жағынан бірімен – бірі тығыз байланысып жатуы тиіс.
ІІ.2. Кіріспе бөлімде зертеу тақрыбының ғылыми теориялық және практикалық маңызы, оның өзектілігі, мақаты мен міндеттері, дерек көздері, зертеу әдіснамасы, зертеу деңгейі немесе теориялық негіздері анықталады. Диплом жұмысының құрылымы көрсетіледі. Кіріспе бөлімнің мәтіні қысқы және дәйек сөзсіз болуға тиіс.
ІІ.3. Талдауға алдын ала құрылған жоспар бағытқа алынады. Жиналған тілдік деректер ерекшеліктеріне қарай жіктеліп, оның түрлі тілдік қырлары нақтыланды. Дәлелдеме материалдар жасалған тұжырым-түйіндердің дұрыстығына көз жеткізу үшін қолданылады. Дипломшы зерттеу нысаны жөніндегі өзіне дейінгі тілтанушылардың пікірлерімен келіспегендігін нақты тілдік материалдармен, өзі дұрыс деп есептеген ғылыми тұжырымдармен дәлелдеуі керек.
ІІ.4. Диплом жұмысының бөлімдері қойылған мақсат пен міндеттер шегінде толық аяқталуға және қорытындылауға тиіс. Қорытынды дәлелдеме деректерсіз қысқа әрі тұжырым түрінде жасалады.
ІІ.5. Бөлімдерде жасалған қысқаша қорындылар негізінде «Қорытынды» бөлімнің мәтіні жазылады.
ІІ.6. Диплом жұмысының қолжазба мәтіні толық аяқталған соң, ғылыми жетекшінің тексеруіне беріліп, оның берген ескертпелері түзетіліп, таза параққа көшіріліп, компьютерлік терілуге тапсырылады.
ІІІ. Диплом жұмысының құрылымы
ІІІ.1. Диплом жұмысының бөлімдері мынадай ретпен орналастырады:
• алғы бет
• аннотация
• кіріспе
• зерттеу бөлімдері
• библиографиялық тізімі (әдебиеттер тізімі )
• қосымшалар (егер бар болса)
• мазмұны (жұмыстың басында да теруге болады)
Беттері «Алғы беттен» бастап нөмірленеді.