Кешенді қосылыстардың изомерлері, аталуы, қолданылуы

Кешенді қосылыстардың изомерлері, аталуы, қолданылуы

Бейорганикалық қосылыстардың ішіндегі күрделі қосылыс болуына байланысты органикалық қосылыстардағы сияқты да әр түрлі изомерлер береді.
1. Кеңістік изомерия
2. Сольваттық (гидраттық) изомерия
3. Иондық изомерия
4. Координациялық изомерия
5. Оптикалық изомерия
1.Кеңістік изомерия лигандтар әр түрлі кешенді қосылыстарда лигандтардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.
[Pt(NH3)2Cl4]

 

 

 

 

цис-изомер (қызыл сары) транс-изомер (сары)
2.Сольваттық (гидраттық) изомерия кезінде су молекуласының ішкі және сыртқы сфераға таралып орналасуына байланысты.
[Cr(H2O)6]Cl3[Cr(H2O)5Cl]Cl2· H2O [Cr(H2O)4Cl2]Cl· 2H2O
күлгін түсті ашық жасыл түсті жасыл түсті
3.Иондық изомерия кешенді қосылыс құрамында иондардың орналасуына тәуелді болады.

4.Координациялық изомерия бикешенді қосылыстарда байқалады:
[Co(NH3)6][Cr(CN)6], [Cr(NH3)2][Co(CN)6]
5.Оптикалық изомерия органикалық заттар үшін белгілі болған (Л.Пастер), ал кешенді қосылыстардың изомерлі қосылыстарының алғашқы өкілін 1907 жылы А.Вернер зертеулерінен белгілі болды, олар жарықтың поляризациялану жазықтығын әр түрлі бұрады.
Кешенді қосылыстарды атау үшін алдымен катионды ілік септігінде атап, анионды тәуелділік жалғауына жалғап атайды.
Катионды кешенді қосылысты атау үшін кешен түзушінің аты ілік жалғауымен аталып, жақша ішінде валенттілігі рим цифрымен көрсетіледі, теріс зарядты лиганд саны грек санымен аталып, соңына «о» жалғауын жалғайды, ең соңынан электрбейтарап лиганд саны және аты аталады (егер лиганд – Н2О болса, – «акво», NH3 – болса, – «аммин» делінеді), сыртқы сферадағы анион аты тәуелділік жалғауын жалғау арқылы аталады.
Мысалы: [Cu(NH3)4]SO4 – мыстың (ІІ) тетрааммин сульфаты
[Pt(NH3)3Cl]Cl – платинаның (ІІ) хлоротриаммин хлориді.
Анионды кешенді қосылысты атау үшін сыртқы сферадағы катион аты ілік септігінің жалғауымен аталып, соңынан лиганд аты жоғарыдағы көрсетілген ретпен аталады. Кешен түзушінің латынша атына -ат жалғауы жалғанып, валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде көрсетіліп, тәуелділік – ы, і жалғаулары қосылады.
Мысалы: K4[Fe(CN)6] – калийдің гексацианоферраты (ІІ)
Na[Al(OH)4] – натрийдің тетрагидроксоалюминаты (ІІІ)
Бейтарап кешенді қосылыстар аты катионды кешенді қосылыстар сияқты, кешен түзуші аты атау септігінде аталып, валенттілігі көрсетілмейді.
Мысалы: [Pt(NH3)2Cl2] – дихлородиаммин платина
[Ni(CO)4] – тетракарбонил никель
Енді, кешенді қосылыстардың қолданылуына тоқталсақ:
— Кешенді қосылыстар химияның сан саласын, атап айтқанда, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық химияларды байланыстыратын «көпір» сияқты.
— Кешенді қосылысттар көмегімен көптеген сапалық және сандық анализ жүргізуге болады. Мысалы, Fe+2, Fe+3 иондарын кешенді темір қосылыстары көмегімен анықтауға болады:
FeCI2 + K3[Fe(CN)6] = KFe+2[Fe+3(CN)6]↓ + 2KCI
турнбулл көгі
FeCI3 + K4[Fe(CN)6] = KFe+3[Fe+2(CN)6]↓ + 3KCI
берлин көгі

— Кешенді қосылыстар көмегімен металлургияда талай металдарды бір-бірінен бөлуге мүмкіндік туады.
— Фото, киноматериалдарды өңдеудің негізінде кешенді қосылыстардың түзілуі жатыр.
— Кешенді қосылыстар адам организмі мен өсімдік дүниесінің өмір сүру үшін маңызды роль атқарады. Қан, лимфа, ткань сұйықтығы құрамына «өмірлік металдар» аквокешенді қосылыстар күйінде болады.
Мысалы, адам мен жан-жануар қаны құрамына кіретін гемоглобинде кешен түзуші темір ионы болса, өсімдіктердің хлорофилінде кешен түзуші (Mg) магний ионы болады.
— Кешенді қосылыстар көмегімен талай ауруларды емдеуге болады. Атап айтқанда платиналық металдардың кешенді қосылыстары аса қауіпті ісіктерді (рак) азайтуға мүмкіншілік береді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *