Тұздар

Тұздар

Тұздардың жіктелуі Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және комплексті (кешенді) болып бөлінеді: Na2CO3 – орта тұз, NaHCO3 – қышқыл тұз, CuOHNO3 – негіздік тұз, KАl(SO4)2 – қос тұз, [Cu(NH3)4]SO4 – комплексті (кешенді) тұз.

Орта тұз қышқыл құрамындағы сутек металл атомына толық алмасқанда түзіледі; (H2SO4→Na2SO4) немесе негіз құрамындағы гидроксид тобы қышқыл қалдығына (сутексіз) толығымен алмасқанда түзіледі (Fe(OH)2→FeSO4).
Тұздардың аталуы.Оттексіз қышқылдардың тұздарын атау кезінде металл аты ілік септігінде аталып, соңынан қышқыл түзуші элемент аты латын тілінде алынады да – «ид» жалғауы жалғанады, ал металл валенттілігі жақша ішінде көрсетіледі: FeCl2 – темір (ІІ) хлориді, Sb2S3 – сурьма (ІІІ) сульфиді.
Оттекті қышқылдардың жоғарғы валенттіліктеріне сәйкесінің тұздарын атау үшін металл атын кейде атау, кейде ілік септігіне қойып, қышқыл түзуші элемент аты латын тілінде алынып, – «ат» жалғауы жалғанады, ал қышқыл түзуші элемент валенттілігі жоғарғы валенттілігінен төмен болса, – «ит» жалғауы жалғанып аталады:
Na2SO4 – натрий (натрийдің) сульфаты, Na2SO3 – натрий (натрийдің) сульфиті.
Егер анион құрамына қышқыл түзуші элемент атомы еселеніп кірсе, онда оның саны ерекше аталады:
.
Егер қышқыл түзуші элемент бірнеше қышқыл түзсе, онда оның тұздарының атын есте сақтау керек:
Халықаралық номенклатура бойынша металл атына оттек атомының саны грекше аталып, қышқыл түзуші элемент атына – «ат» жалғауы жалғанып аталады:
NaClO4 – натрий тетраоксохлораты.
Графикалық формуласы (алгоритм):

Орта тұздың графикалық формуласын құру үшін элемент валенттіліктерін анықтап, оң жағына қышқыл қалдығының графикалық формуласын жазып, ал сол жағына металдың валенттіліктерін сызықшалармен көрсетіп, қышқыл қалдықтарымен қосып жазады:


Формула дұрыстығын тексеру үшін, әр элемент атомына қатысты сызықшаларды санап, валенттіліктерімен салыстыру керек.
Алыну әдістері
Орта тұздың алыну тәсілдерін жазу үшін, металл мен қышқыл қалдығындағы қышқыл түзуші элемент валенттіліктерін анықтап, қарама-қарсы қасиетті екі генетикалық қатарды жазу керек, оны мына мысалдар көмегімен қарастырайық

1) 2 Na + S = 2Na2S
1) Na + H2SO4 = Na2SO4 + H2
2) Na + CuSO4 = Cu + Na2SO4(теориялық)
Ескерту:
Натрийдің химиялық белсенділігіне байланысты ерітіндіде басқа қосымша реакциялар жүруі мүмкін.Сондықтан бұл реакция теориялық дұрыс болғанына қарамастан іс жүзінде былай жүрмейтін болғандықтан, осындай металдармен реакция теңдіктері жазылмайды.
3) Na2O + SO2 = Na2SO3
Na2O + SO3 = Na2SO4
4) Na2O + H2 SO4 = Na2 SO4 + H2O
5) NaOH + 3S = 2Na2S + Na2SO3 +3H2O
6) 2NaOH + SO2= Na2SO3 + H2O
2NaOH + SO3 = Na2SO4 + H2O
Қышқылдық оксид негіздік оксидпен немесе негізбен (сілті) әрекеттескенде түзілетін тұздың формуласын жазу үшін қышқылдық оксидке сай келетін қышқылдың формуласын білу керек.
7) 2NaOH + H2 SO4 = Na2 SO4 + H2O
8) 2NaOH + CuSO4 = Cu(OH)2↓ + Na2SO4
9) Na2CO3+ CuSO4 = CuCO3↓ + Na2SO4 (түзілген тұнба гидролизге ұшырап, басқа өнімдер пайда болады)
10) Na2CO3+ H2 SO4 = Na2SO4 + H2O + CO2↑
Химиялық қасиеттеріОрта тұздың химиялық қасиеттерін алдынала болжау үшін де қарама-қарсы қасиетті генетикалық қатарды жазу керек.

 

Металл

Бейметалл
| |
Негіздік оксид Қышқылдық оксид
| |
Негіз

Қышқыл
| |
Негіздік тұз
Қышқылдық тұз
|
|
Орта тұз
Орта тұз

Мысалы, мыс (ІІ) нитратының қасиетін қарастырайық:
1) Cu(NO3)2 + Na2S = CuS↓ + 2NaNO3
2) Cu(NO3)2 + H2S = CuS↓ + 2HNO3
3) Cu(NO3)2 + 2NaOH = Cu(OH)2↓ + 2NaNO3
4) Cu(NO3)2 + Zn = Cu + Zn(NO3)2
4NO2
5) 2Cu(NO3)2 CuO + 2N2O5
O2
6) Cu(NO3)2 + HOH = CuOHNO3↓ + HNO3
Реакция теңдіктерін жазған кезде, олардың аяғына дейін жүру шартын есте ұстау керек.
Қышқыл тұз деп қышқыл құрамындағы сутек атомы металл атомына толық алмаспаған кезде түзілетін қосылысты айтады. Қышқыл тұзды көп негізді қышқылдар ғана түзеді:
H3PO4 → NaH2PO4 → Na2HPO4
Қышқыл тұздарды атау үшін металл атын атау септігіне, не ілік септігінде атап, сутек атомының саны грек санымен айтылып – «гидро» деген сөз қосылып, анион аты аталып, тәуелдік жалғауы – ы, не – і жалғанады.
NaH2PO4 – натрий дигидрофосфаты.
Графикалық формуласы (алгоритм):Қышқыл тұздардың графикалық формуласы орта тұздардікі сияқты құрылады(алгоритм)

Алыну әдістері Қышқыл тұзды алу реакцияларын жазу үшін өзінің генетикалық қатарын пайдалану керек:

Химиялық қасиеттері
Қышқылдық тұздардың химиялық қасиетін кальцийдің гидрокарбонаты мысалында қарастырайық:

Негіздік тұздар
Негіз (көп қышқылды) құрамындағы гидроксо–тобы (сутексіз) қышқыл қалдығына толық алмаспаған кезде түзілетін затты негіздік тұз деп атаймыз. Құрамында бір ғана гидроксо–тобы бар заттар негіздік тұз түзбейді.
Fe(OH)3 → Fe(OH)2NO3 → Fe(OH)(NO3)2
Аталуы Негіздік тұзды атаған кезде металл атомы атау, не ілік септігінде айтылып, гидроксо-тобының саны грекше аталып, қышқыл қалдығы соңынан аталады.
Fe(OH)2NO3 – темірдің (ІІІ) дигидроксонитраты.
Графикалық формуласы (алгоритм): Мұндай тұздардың графикалық формуласын құрғанда сол жағына қышқыл қалдығы, ал оң жағына негіз қалдығы жазылады
(FeOH)3(PO4)2

Алыну әдістері
Негіздік тұзды алу реакция теңдіктерін жазған кезде өзінің генетикалық қатарын пайдалану керек:

Химиялық қасиеттері
Енді темірдің (ІІІ) гидроксохлоридінің химиялық қасиеттерін қарастырайық:

Орта мектеп оқушыларына тұздар анықтамасы былай беріледі: тұздар молекуласы металл атомдарымен қышқыл қалдықтарынан тұрады,– деп, бұл анықтамаға қарасақ негіздік тұздар қамтылмай қалады, сондықтан:
– тұздар деп молекуласы негіз және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат деуге болады.
Қорыта келе, бейорганикалық қосылыстардың алыну және қасиеттеріне лайықты реакция теңдеулерін жазу кезінде есте ұстайтын мәліметтерге тоқталайық.
1. Металдардың химиялық белсенділік қатарын мына жағдайларда есте сақтау қажет.
а)
2Na + H2O = 2NaOH + H2
Сілтілік және сілтілік — жер металдары сумен өздігінен әрекеттесіп сілті және сутегі түзеді. Осы көрсетілген металдардан басқа сутегіге дейінгі металдар, төмендегі сұлбаға сәйкес әрекеттеседі:
Fe + H2O = FeO + H2
Химиялық белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
Cu + H2О ≠
ә)
Тотықтырғыш қышқылдардың (HNO3 және H2SO4 конц) металдармен әрекеттесу ерекшеліктерін есте ұстап, металдардың химиялық белсенділік қатарында сутекке дейінгі металдардың сутегіні ығыстыратынын білу керек:
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
б)

Металдардың химиялық белсенділік қатарында сол жағында (хим.белсендірегі) тұрған металл оң жағындағысын ығыстыра алады, тұз ерімтал болғаны жөн.
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu
2.

Осы сұлбамен тек I-II A – топшасының (берилий — басқасы) элементтерінің оксидтері ғана әрекеттеседі.
CaO + H2O = Ca(OH)2
CuO + H2O ≠
Оксидтер тұздармен (негізінен) әрекеттеспейді, тек кейбір реакциялар болмаса:
SiO2 + Na2CO3→ Na2SiO3 + CO2
3.

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 ↓ + H2O
4.

3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3 ↓ + 3NaCl
Cu(OH)2 ↓ + FeCl3 ≠
5.

AgNO3 + NaCl = NaNO3 + AgCl ↓
AgCl ↓ + Ca(NO3)2 ≠
3,4,5 – мысалдарда реакцияға алынған негіз және тұз суда ерімтал болуы, ал реакциядан түзілген негіз немесе тұздың біреуі суда ерімейтін зат болуы қажет.
6.

а) HCl + Na2SiO3 = 2NaCl + H2SiO3↓
ә) HCl + Na2CO3(қ)= NaCl + H2CO3 + CO2 ↑
б) H2SO4конц +2NaClқр = Na2SO4 + 2HCl
Қышқыл мен тұз әрекеттесуі үшін 3 шарт орындалуы:
–жаңадан түзілген қышқыл тұрақсыз (H2CO3), болмаса суда ерімейтін (H2SiO3) реакцияға қатысқан қышқыл түзілетінінен күшті болуы;
— егер қышқылдардың екеуі де (қатысқаны да, түзілетіні де) күшті болса, түзілетін қышқыл ұшқыш болуы;
H2SO4конц + 2NaCl кр = 2HCl ↑ + Na2SO4
HCl + Na2SO4 ≠
— реакция нәтижесінде түзілетін тұз немесе қышқыл суда нашар еруі тиіс
H2S + 2AgNO3 = Ag2S ↓ + 2HNO3
Бұл реакцияға алынған қышқыл (H2S) түзілетін қышқылдан (HNO3) әлде қайда күшті болғанымен, реакция нәтижесінде суда нашар еритін заттың (Ag2S) түзілуіне байланысты реакция жүреді.
7. Реакция аяғына дейін жүру үшін үш шарт орындалуы тиіс:
1) тұнба түсу,
2) газ түзілу,
3) әлсіз электролит (су) түзілу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *