Ғабдуллиннің Бауыржанға жазған хаты

Мәлік батыр қандыкөйлек досы, ағасы Бауыржанға 1945 жылғы жазған хатында былай деген екен… Әңгіме Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» қолжазбасы жайында болса керек.
Хат музей қорынан алынды.

Бәуке!

Бұдан бұрынғы хаттарымды алған боларсыз. Біз аман-сау айдап жүріп жатырмыз. Құрманбек толығынан орналасты, оны қызметке бекіткендігі жөнінде бастықтың жарлығы да болды.
Мен Сізге Жұмабайға жазған хатымның мазмұнын қысқаша түрде жазып жіберуді дұрыс көріп отырмын. Ол хаттағы әңгіме мына мәселеге байланысты көтеріліп жазылды.

1.Ана жылы Сәбитке қалдырып кеткен қолжазбаларым өткен 1944 жылдың март айында баспаға беріледі, теріледі. Сонан соң рецензия алу үшін Абдықалықовтың аппаратына келіп түседі. Бұл қолжазбалар қазақша болғандықтан, оны орысша подстрочный перевод жасаттырып Абдықалықовтың Ахметов дегені оқиды да мынадай қортынды жасайды: а) Көркем шығарма емес, көркемдігі нашар; б) Мұнда қазақ жігіттері жайында, олардың майдандағы ерлік – істері жөнінде көп айтылған екен, депті ғой Ахметов. Сонан соң ол қолжазбалар көтін қысып жатса керек.
Мен Жұмабайға хатымды осы әңгімеден бастап жаздым да, ең алдымен, мына секілді үш справка бердім.
1) менің қолжазбаларым көркем шығарма емес екені рас, ол әскер адамының мемуарные записи дегені болады; 2) онда мен тек қазақ жігіттерін жазғаным жоқ, басқа ұлттың азаматтары, олардың ерліктері туралы да жаздым;
3) мен ол қолжазбаларымды жазғандағы мақсаттарым мыналар еді:
а) ознакомить народ с героическими подвигами фронтовиков в борьбе с немецко – фашистскими захватчиками;
б) собрать боевые эпизоды, документы, конкретные материалы о фронтовиках и представить их нашим историкам, писателям, будущим составителям большой исторической книги «Казахстан в Отечественной войне»;
в) помочь преподавателям и учителям в учебных заведениях, ведущим цикл на темы «Отечественная война» и «История Народов СССР», для которых такие материалы о фронтовиках, в частности, о панфиловцах сослужили бы большую пользу;
г) рассказать призывникам, будущим бойцам о боевых делах, воинском мастерстве фронтовиков, чтобы они брали пример с панфиловцев;
д) отметить своими записями боевые подвиги моих друзей по оружию и отдать должное героическим поступкам погибших товарищей.
Осыларды жазғаннан кейін әңгімемнің негізгі бөліміне көштім. Онда мыналарды айттым:
Майданда ерлік жасаған батыр жігіттердің ерлік істерін айтып жазғанымды тылда жүрген кейбір адамдар жек көретін секілді, ондайлар мені айыптап өсек тарататын көрінеді және ондайлар маған «..шыл» деген атақ жапсыратын көрінеді. Мұнын бәрі жанға бататын жалақорлық, дей келіп бірнеше дәлелдерді көрсеттім:
а) Соғысқа дейін қазақтың офицер кадрлары қандай күйде еді, ал кәзір қандай? Кәзір біздің ұлт кадрларымыз, офицерлеріміз көбейіп отыр. Бұған қалай мақтанбассың? Бұл өте қуаныш емес пе, дегенді жаздым.
б) Майданда қазақ жігіттері қатардан қалыспай жаумен батырлық жасап, намысты бермей соғысты. Жеке жігіттеріміз өзінің абырой атағын, награда алуды ойлаған жоқ, олар халқының абыройлы болуын көкседі, халқының намысын көтерді дедім де екі үш характерный фактылар (эпизодтар) келтірдім: а) по награжден.казахи занимают по союзу пятое место б) амбразураны денесімен жапқан қазақ в) неміс танкысымен күресіп (обвязав себя гранатами бросился под танк) ерлік жасаған Қазақ.
в) Майдандағы орыс генералдары мен командирлері дают высокие оценки боевым подвигам казахов, как же этим не гордиться?
г) В.И. Ленин, И.В. Сталин и наши руководители о национальной гордости туралы не айтқан еді? (приводил их высказывания по этому вопросу).
Майданда жүрген жігіттер тылдағы еңбекшілердің ерлік істеріне мақтанып отырады. Мәселен, Қалпе Бердібеков деген қазақ внес в фонд обороны один миллион 36 тыс.рублей. Мұның өзі мақтанарлық іс емес пе?
Осыдан кейін, мен өзімді неліктен «Мен қазақпын» деймін деген мәселеге толығынан тоқтадым.
Слово «Мен қазақпын» в моем понимании означает: любовь к своему народу (нации), уважение героических традиций своего народа, любовь к его многовековой культуре, литературе и искусству, с честью и совесть служить ему, заботиться о том, чтобы твоя нация не отставала от других, всемерно укреплять дружбу народов, оказывать дружественным народам всемерную помощь и поддержку, а в случае необходимости вместе драться с общим врагом.
Когда я говорю «Мен қазақпын», то этим я нисколько не переоцениваю и не возвышаю свою нацию, как сверхестественную. Слово «Қазақпын» в моем понимании означает мою национальную принадлежность. Этим я выражаю чувство к своей нации; это слово означает, что я, сын народа, до последней капли крови обязан служить ему. Оно означает такое, что я уважая и любя свою нацию, верно служа ему, вместе с тем я уважаю и люблю все советское, как святыню, весь советский народ, как родной, служу ему, потому что у всех национальностей, населяющих территории нашей великой Родины, цели и стремления едины. Да стоит ли распространяться об этой бесспорной истине!
Осыдан соң честь, совесть и достоинство дегендерді қысқаша түрде айттымда, мені «…шыл» дейтін қыртылдар бар, олар мені қорқытпақ. Олар не десе о десін, но я их не боюсь. Мне не зачем бояться их. Я не подотчетен перед ними, а я держу ответ перед своей совестью, которая приказывает мне честно служить народу. Те, кто не отвечает перед своей совестью, тот не понимает свой долг перед народом и партией. Я – солдат, в полном благородном смысле этого слова.
Бұдан соң, мен майдандағы қазақ жігіттерінің ерлік істеріне мақтанам, мұным «шылдық емес», это есть благородное чувство советского гражданина, ибо невозможно любить, уважать и ценить другие нации, не научившись любить, уважать и ценить свою нацию.
Біздер жайында өсек таратушылар қара басының қамын ойлағандықтарын көрсетеді ғой. «Осылар ертең соғыс біткеннен соң майданнан келіп орнымызды алып қояр» деп қауіптенеді ау деймін. Сондықтанда ондайлар біздің абыройымызды түсіруге осы бастан кірісетін көрінеді. Мен бұл қорытындыға осы соңғы кезде келіп жүрмін.
Менің осы хатым турасындағы пікіріңізді беріңіз. Тағы хат жазам. Құрманбектен Сізге көп сәлем. Амандықпен көріселік.
Мәлік
9/III 1945 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *