Тағы бір университет лицензиясынан айрылуы мүмкін

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылуы мүмкін

Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жою үшін уақыт берілген, алайда жоғары оқу орны білім беру қызметінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізбеген. ЖОО студенттерінің білім сапасы нормаға сәйкес келмейтін болып шықты. Сондай-ақ университетте магистрат дәрежесін беру бойынша олқылықтар анықталған.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аталмыш ЖОО-ның лицензиясының қолданылуын тоқтатты. Бұдан әрі бас лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *