Бұрынғы бас мүфти дүниеден өтті

Шығыстанушы, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті

Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі 1947 жылы Түркістан облысында туған. 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып тағайындалды. 2007 жылы Орталық Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы болды.

Қазақстанда араб тілі мен әдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін Египет Араб республикасының І дәрежелі «Ғылым және өнер» орденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *