2021 жылы Құрбан айт мерекесі қай күндері тойланады?

Мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналатын Құрбан айт мерекесі 2021 жылдың күнтізбесіне сәйкес шілде айының 20, 21, 22 күндері тойланады.

Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.

Мұсылман бауырлар бұл күні тазаланып, дәретін алып, хош иіс себініп, мешітке асығады. Мешітте Айт намазы оқылады. 

Құрбан айтта көпшілік дәмдісін әзірлеп, дастархан жаяды. Бір-бірінің үйінде қонақ болып, астан ауыз тиеді. Бір-бірін мұсылман мерекесімен құттықтайды. Әрбір үйде Құран оқылады. Өмірден өткен ата-бабаларына Құран бағыштайды. Ренжіскен жандар болса, кешірім сұрасып, өкпе-ренішін  ұмытады. 

Құрбан айтта көп болып жиналып, дастархандас болып, мерекелеудің еш әбестігі жоқ. Алайда дінге қайшы әрекеттерге бармау керек. 

Құрбан айтта орындалатын сауапты амалдардың бірі — Құрбан шалу. Бұл амал Ибраһим пайғамбардан қалған. Мұсылмандар құрбан малын сойып, мұқтаж жандарға таратады. Құрбан малын таңдаудың өз әдептері бар. 

Шамасы келген мұсылман жұрты осы қасиетті күні қасиетті Меккеге аттанады. Алла алдындағы тағы бір парызын өтейді. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *