Астана. 2 шілде. ҚазТАГ-Адель Рүстемова. ҰБТ сертификатынсыз да жоғары оқу орындарына түсуге қазақстандықтарға рұқсат етіледі, деп хабарлады ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. «Мысалы, егер бала шекті балл жинай алмаса, тіпті төрт әрекетті қолдана отырып, ол кез — келген жоғары оқу орнына, кез-келген мамандыққа түсе алады», — деді Тойбаев жұма күні ОКҚ брифингі барысында. Спикердің айтуынша, оқуға түскеннен кейін бір жыл ішінде талапкерге ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін төрт-бес мүмкіндік беріледі. Қазақстандықтар студенттер бола тұра, өздерінің ҰБТ сертификатын өтпелі балмен көрсетуге міндетті.