Ұлы дала құндылықтарына негізделген тәрбие

“Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”,-деген дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз. Жалпы тәрбие сөзінің астарына үңілер болсақ, терең мән-мағына,астарлы ой жатыр. Тәрбие ұғымын әркім өзінше тұжырымдайды, менің ойымша, тәрбие деген- ата -ананың балаға беретін баға жетпес асыл қазынасы.
Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды тәрбиемен ұштастырмақ былай тұрсын, кейде ұлттық құндылықтарымызды ескермей, ұмытыпта жатамыз. Көпке топырақ шашпаймын, арамызда басқа мемлекеттерге барып, ұлттық құндылықтарымызды паш етіп жүргендер де аз емес. Дегенмен, кішкентай бүлдіршіндердің, тіпті жастардың, үлкен буынның қазіргі кезде әлеуметтік желілерден немесе көптеген ұялы телефондағы қосымшалардан қарай отырып, Еуропа елдерінің мәдениетіне еліктеушілігі, соған қарай бейімделуі аладатады. Бұл мәселені дер кезінде қолға алмаса, арты жақсылыққа бармасы айдан анық. Тіпті, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ қоғамын¬дағы кемшіліктерді жанымен сезінген, болып жатқан оқиғаларды көріп, саралай білген тұлғалардың ой-толғаулары бүгінгі күн үшін де мәнін жоғалтқан жоқ.

Айта¬лық, Шәкәрім атамыздың «Қазақтың түп атасы» деп аталатын өлеңіндегі айтылған ойлар¬ға назар салсақ:
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
«Арабсың» деген сөздің түбі шірік.
«Пәленше сахабаның затысың» деп,
Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.
Дінді тәрбие негізі етіп алу үшін де ақыл көзінің қажет екенін көрсеткен ақын ата-баба жолын, түбіңді ұмыт¬пау¬ды меңзейді. Мемлекетіміз осындай тәуелсіз және бейбіт заманға жету жолында қаншама қиын кезеңдерден өтті, көптеген ойшыл ақын, жазушыларымыз өз өмірін тәрк етті. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды қайтадан жаңғыртып, ата-бабаларымыздың өсиетін орындап, сенімдеріне селкеу түсірмеуміз қажет.


Жаңа тарих белесіндегі ұлттың бір¬лігіне арқау болатын да тәрбие, ғылым-білім. “Бала-басты байлығымыз, ал ең асылымыз оның тәрбиесі”,-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтпақшы, ұрпақ бойына ұлттық құндылықты дарыту, өз ана тілімізді жетік меңгеруді де қадағалау, әрбіріміздің алға қойған үлкен мақсатымыз болуы керек. Бүгінгі ұрпақ ана тілін білу арқылы тарихи тұлғалармен байланысқа түсе алады, ана тілі арқылы төл мәде¬ниетімізді бойына сіңіреді. Тарихи сабақ¬тастықтың негізі де осы ана тілін жетік игеруде жатыр. Орыс тілі бүгінгі таңда Қазақстан үшін ақпарат тілі ғана емес, ұлтаралық байланыс тілі болып тұр. Ағылшын тілі ғылым, инновация тілі десек, оны жетік игеру ғылымды дамы¬ту¬ға ықпал етеді.
Бойына мазмұнды тәрбиені сі¬ңір¬ген, ғылымды игерген білімді ұрпақ тәрбиелеп шықсақ, алдымызда жарқын болашақ күтіп тұр деп сеніммен айтуға болады.

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 4 курс студенті Амантай Маржан

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *