Гүлзат Көбенова БҒМ комитетінің Төрайымы болып тағайындалды

Гүлзат Көбенова Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2002-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарды.

2009 жылдан 2010 жылға дейін мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, бастығы қызметтерін атқарды.

2010 жылдан 2018 жылға дейін білім және ғылым министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Тұңғыш Президент-Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары.

2019 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін сектор меңгерушісі және Президент Кеңсесінің инспекторы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін-Қазақстан Республикасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *