Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 20.20-да Ойыл ауданының 102 телефонына Қобда — Ойыл автожолының 156-шы шақырымында автокөлік аударылып, салонда төрт әйел, оның ішінде жүргізуші болған. «Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жылжып, ҚР ЖҚЕ-нің 10.1-тармағын бұзып, рульді басқара алмай, қозғалыс барысында автокөліктің сол жаққа аударылуына жол берді. Нәтижесінде автокөлік жүргізушісі мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлады аймақ полициясы. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.