ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің бұйрығымен Жұбанов университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры лауазымына Лаура Шапайқызы Қарабасова тағайындалды.

Бүгін университеттің ұжымы алдында ректордың міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров жаңа проректорды ресми түрде таныстырды.

Лаура Қарабасова — Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Болашақ» бағдарламасының 2013 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебі докторантурасының алғашқы қарлығаштарының бірі.

Лаура Шапайқызы – Ақтөбе қаласында туған. М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебін, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын және Ұлыбританиядағы Уорик университетін тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Төрт жыл бойы үш тілде білім берудің педагогикасы «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (СLIL)» тақырыбын зерттеген жас маман.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *