Эволюциялық ілім

Эволюциялық ілім

1. Биология саласында XVII ғасырдың соңы мен XIX алғашқы жартысындағы аралықта қалыптасқан эволициялық көзқарастар.
Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдарды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық, көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырылды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлармен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудің одан әрі дұрыс дамуына жол ашты.
Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады.
1749 жылы Ж.Бюффон «Табиғи тарих» атты көп томдық еңбегінде «бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д.Дудроның, Ч.Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И.Канттың еңбектерінде де жазылған».

2. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілімі.

Алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегінде түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның (латынша “эволюция” – төңкеру, қопару) бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғалымға «биология» деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омырткалылар, омыртқасыздар деп екі топқа бөлді. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жөндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарларды 6 сатыға, 14 класқа жіктеу арқылы орналастырған, Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын (градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық формалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай біртіндеп жоғарылуы тарихи дамудың нәтижесі. Сонда, бұл даму қалай жүзеге асады? Оның эволюциялық қозғаушы күші не? Ламарк эволюция жүйесі туралы ой-пікірін қорыта келе мынадай болжам ұсынды: орта жағдайларының өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағандықтан, керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады (Ламарктың бірінші заңы). Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды (Ламарктың екінші заңы). Бұған бірнеше мысалдар келтірейік: Ламарктың пікірі бойынша тіссіз (киттердің, құмырсқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі, олардың ата тектерінің қоректік заттарды шайнамай жұтуының салдарынан болса, жер астында тіршілік ететін жануарлардың көздері пайдаланылмағандықтан қажетсіз мүше ретінде жойылады. Суда жүзетін құстарда саусақтарының арасында терісінің керілу салдарынан саусақ аралық жүзу жарғақтары пайда болған. Шөбі жоқ құрғақ топырақты жерлерде мекендейтін жираф үнемі бойын созып ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенеді. Осылай биіктегі олардың алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған. Ламарк сонымен қатар адамның шығу тегі жайында өз ойын қорыта келе адам дене құрылысы жағынан басқалардан гөрі маймылға жақын деген пікір айтты. Ламарк іліміне берілген баға. Ламарк ғалым тарихында эволюциялық идеяны ең алғаш көзқарастары ғалым ретінде белгілі. Алайда, оның эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, жан-жақты талқылануда болды. Ол табиғатта түрлердің тұрақты еместігін соның нәтижесінде бір түрдің басқа түрге біртіндеп айналатындығын айта келіп, табиғатта түрдің шын мәнісінде бар екенін жаққа шығарды. Эволюцияның себептерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруде әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады және ортаға бейімделуде әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеялистік қате ұғымда болды. Сонда да болса Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдауда Ламаркты өзінің із басары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады. Ламарктың эволюциялық көзқарастарды деректі материалдармен жан-жақты толық мәнінде дәлелденбеуі себепті кең көлемде тарала алмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *