Ясин сүресінің қасиетінен аман қалған әскер

Ясин сүресінің қасиетінен аман қалған әскер

Бір күні батыр Баукең бүкіл әскерімен немістердің қоршауында қалып қояды. Ашыққан әскеріне қайыңның сорпасын беріп әлдендіріп енді жау ортасынан шығудың жолын іздейді. Баукеңнің досы: «Құтқаратын бір Құдай ғана. Сен маған мына сарбаздарыңның арасынан «Ясин» сүресін білетіндерді тауып бер!» деген екен. Баукең сөзге келмей төрт адамды тауып, «Ясин» сүресін әскерлердің арасын аралатып жүріп оқытқызады. Сосын, әскердің қазағы, орысы демей бәрінің тілін кәлимаға келтіріп, «Ясин» сүресінің сегізінші аятын жаттаттырып, түнде екі бас намаз оқытып таң қылаң бере бастағанда қоршаудан шығуға қамданады. «Әрбір солдат осы сегізінші аятты оқып, қатардан қалмай, жан-жағына қарамай, бір-бірімен сол дұғадан басқа дүниелік сөзді айтушы болмасын. Әсіресе, немістер жаққа басын бұрып қараушы болмасын» деп қатаң шарт қояды. Солдаттар төрт жағынан «Ясин» сүресін білетін төрт адамды қойып, Баукеңді солдаттардың нақ ортасына қояды. Бұлар жүріп бара жатқанда екі шақырымдай жерде немістер жан-жағына көз салып қарап тұрады. Бірақ, бұларды көрмейді. Сөйтіп немістің үш қоршауын кешіп өтіп, он сегіз шақырымды артқа тастап орманға кірер тұста, артқы жақта қалған соңғы бөлімнің бір орыс солдаты көрмей тұрған немістер жаққа қарап күбірлеп сөйлеп қояды да сол тұста шайқас басталып «Ясинді» оқыған төрт адаммен бірнеше солдат шейіт болады. Кейін «Ясин» сүресін оқып аман шыққанына көзі жеткен Ворошилов осы оқиғаны Сталинге жеткізеді. Таңқалған Сталин Мәскеуді қорғау үшін Бұқарадан қырық қари шақыртып, дұға оқытқан деседі……….

«Тұлға» кітабынан ықшамдалып алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *