Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші сынып оқушысы Далес Мыңжасарды бірден әлемнің төрт жетекші өнер колледжіне оқуға шақырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі.
Түлек Массачусетс өнер және дизайн колледжіне, Чикаго өнер институтына (SAIC), Ringling өнер және дизайн колледжіне, Сент-Луис Мадрид университетіне (SLU) оқуға түсті. Сонымен қатар, Далес Лесханқызы тағы екі жоғары оқу орнынан шақыруды күтуде.
⠀
«Оқуға дайындықтың басты кезеңі шығармашылық портфолио жұмысы болды. Шығармашылық мамандыққа түсу туралы шешім салыстырмалы түрде кеш қабылданғандықтан, менде толыққанды жұмыс жасау үшін үш ай ғана болды. Олардың қатарына дәстүрлі түрде жасалған картиналар да (маймен, акрилмен, акварельмен және т.б. боялған), диджитал картиналары мен аралас техникадағы жұмыстар да кіреді»,-деді Далес сұхбатында.