Емтихан кезінде оқушылардың көзін күйік шалған

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) емтихан кезінде балалардың көзіне күйік тиген оқиғаға қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Халықаралық Бакалавриат мектебінде орын алды, шам түні бойы қосулы қалған. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде. Бұл емтихан кезінде болды», — деп хабарлады НЗМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-сұлтан мектептерінің бірінде емтихан тапсыру кезінде кварц қосылғандықтан оқушылар көзін күйік шалған. Үш бала-2004 жылы туған, бір бала — 2005 жылы туған. Олардың барлығында жеңіл дәрежелі электроофтальмия (көз алмасының зақымдануы) бар. Мамандардың қарауынан кейін төртеуі де үйлеріне жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *