Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 тіркелді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2011 жылғы 7 желтоқсандағы | |
№ 514 бұйрығымен бекітілген |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда — ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 № 232(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1- тарау. Республикалық және халықаралық олимпиадалар 1- параграф. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:
Жүктеу
№ |
Халықаралық олимпиадалар атауы |
1 |
Математикадан халықаралық олимпиадасы (IMO); |
2 |
Физикадан халықаралық олимпиадасы (IPhO); |
3 |
Химиядан халықаралық олимпиадасы (IChO); |
4 |
Биологиядан халықаралық олимпиадасы (IBO); |
5 |
Географиядан халықаралық олимпиадасы (IGeO); |
6 |
Информатикадан халықаралық олимпиадасы (IOI); |
7 |
Лингвистикадан халықаралық олимпиадасы (IOL); |
8 |
Астрономия және астрофизикадан халықаралық олимпиадасы (IOAA); |
9 |
Астрономиядан халықаралық олимпиадасы (IAO); |
10 |
Философиядан халықаралық олимпиадасы (IPO); |
11 |
Экономикадан халықаралық олимпиадасы (IEO); |
12 |
Математикадан Балқан олимпиадасы (BMO); |
13 |
Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO); |
14 |
Математикадан Батыс- Қытай олимпиадасы; |
15 |
Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы; |
16 |
Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы; |
17 |
Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы; |
18 |
Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO); |
19 |
Оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы; |
20 |
Қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім ана тілім» халықаралық олимпиадасы; |
21 |
Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия); |
22 |
Физикадан Азия олимпиадасы (APHO); |
23 |
«Таланттарды даярлау зертханасы» жобасы аясында физика, химия және математика пәндері бойынша оқушылардың халықаралық олимпиадасы; |
24 |
Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo); |
25 |
Биологиядан Азия олимпиадасы (ABO); |
26 |
Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO); |
27 |
Еуропалық физикалық олимпиада (EuPho); |
28 |
Информатикадан Орталық Еуропа олимпиадасы (CEOI); |
29 |
Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI); |
30 |
Информатикадан Еуразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері арасында). |
2 — параграф. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар:
Жүктеу
№ |
Олимпиадалар атауы |
1 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада; |
2 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада; |
3 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада; |
4 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада; |
5 |
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада. |
3 — параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық олимпиадалар:
Жүктеу
№ |
Олимпиада атауы |
1 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттеріне арналған республикалық олимпиада; |
4 — параграф. Мамандандырылған олимпиадалар:
Жүктеу
№ |
Олимпиадалар атауы |
1 |
Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы; |
2 |
Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада; |
3 |
11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Сардар» кешенді олимпиадасы; |
4 |
Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада; |
5 |
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы; |
6 |
7-11 (12) сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы; |
7 |
Химиядан мамандандырылған-бейіндік 10-11 (12) сынып оқушылары арасындағы Ә. Бектұров атындағы олимпиада; |
8 |
5-11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Тарих ата» олимпиадасы; |
9 |
Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасы; |
10 |
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан олимпиада; |
11 |
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған экологиядан олимпиада; |
12 |
Қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасы; |
13 |
«Қазақстан білім олимпиадасы» мамандандырылған білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, халықаралық мектептердің 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиада; |
14 |
7-11 (12) сынып оқушыларына арналған электроника және смарт-технологиялар бойынша олимпиада; |
15 |
«IQanat» олимпиадасы; |
16 |
Жеке және халықаралық мектептерге арналған «Young challenger» олимпиадасы; |
17 |
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы. |
5 — параграф. Жоғары оқу орындарының олимпиадалары:
Жүктеу
№ |
Олимпиадалар атауы |
1 |
11 сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасы; |
2 |
10-12 сынып оқушыларына арналған Қазақстан-Британ техникалық университетінің Республикалық пәндік олимпиадасы; |
3 |
Сүлейман Демирель атындағы университеттің мектептері мен колледждері түлектерінің арасында бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға арналған «SPT» олимпиадасы; |
4 |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Абай сыйы» республикалық пәндік олимпиадасы; |
5 |
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 11(12) сынып оқушыларына арналған «Яссауи» республикалық олимпиадасы; |
6 |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Халықаралық физика олимпиадасы; |
7 |
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Қыздар Университетінің 10-11 сынып оқушыларына арналған физика, математика, информатика пәндерінен «Білім шыңы» республикалық олимпиадасы; |
8 |
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы білім беретін пәндерінен республикалық олимпиада; |
9 |
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиадасы; |
10 |
Astana IT University-нің «AITU icode» республикалық бағдарламалау олимпиадасы. |
2-тарау. Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар) 1 — параграф. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):
Жүктеу
№ |
Ғылыми жобалар конкурстарының атауы |
1 |
Ғылым мен техника бойынша халықаралық «ISEF Regeneron» конкурсы; |
2 |
Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы; |
3 |
«Математика және жобалау» халықаралық конкурсы; |
4 |
«Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадасы; |
5 |
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы; |
6 |
«MOSTRATEC» халықаралық ғылыми конкурсы; |
7 |
«INFOMATRIX-ASIA» халықаралық ғылыми конкурсы; |
8 |
«Google Science Fair» ғылыми жобалар конкурсы; |
9 |
«First Robotics» робототехника бойынша халықаралық біріншілігі. |
2- параграф. Ғылыми жобалардың республикалық конкурстары:
Жүктеу
№ |
Республикалық конкурстар атауы |
1 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы (ғылыми конкурс); |
2 |
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы». |
3 — параграф. Ғылыми жобалардың мамандандырылған конкурстары:
Жүктеу
№ |
Конкурстар атауы |
1 |
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы; |
2 |
1-11(12) сынып оқушыларына арналған «First Robotics» робототехника бойынша ғылыми жобалар конкурсы; |
3 |
«Roboland» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі»; |
4 |
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы. |
4 — параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық конкурстар:
Жүктеу
№ |
конкурстар атауы |
1 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әр түрлі салаларда ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon республикалық идеялар конкурсы; |
2 |
Туристік-өлкетану экологиялық зерттеу жұмысының республикалық конкурсы «Гулдене бер, Қазақстан!»; |
3 |
«Колледждердің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы; |
4 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен — кәсіпкермін» республикалық Гранд турнирі; |
5 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас турист» конкурсы. |
3- тарау. Орындаушылар конкурстары
1 — параграф. Орындаушылардың халықаралық конкурстары:
Жүктеу
№ |
Конкурстар атауы |
1 |
Скрипкашылардың халықаралық конкурсы; |
2 |
Пианистердің халықаралық конкурсы; |
3 |
Халықтық, үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы; |
4 |
Орындаушылардың «Астана-Мерей» халықаралық конкурсы; |
5 |
Халықаралық фестиваль ұйымдары федерациясында тіркелген орындаушылардың халықаралық конкурсы (ЮНЕСКО); |
6 |
Музыкалық колледждері орындаушыларының халықаралық конкурсы. |
2 — параграф. Орындаушылардың республикалық конкурстары:
Жүктеу
№ |
Конкурстар атауы |
1 |
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы; |
2 |
Музыкалық колледждері орындаушыларының республикалық конкурсы; |
3 |
Жас музыканттардың — балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық фестиваль-конкурсы. |
3- параграф. Мамандандырылған байқаулар:
Жүктеу
№ |
Шығармашылық байқаулардың атауы |
1 |
Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауы; |
2 |
«Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы; |
3 |
«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы; |
4 |
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы; |
5 |
«Мәшhүр Жүсіп оқулары» республикалық конкурсы; |
6 |
«Ілияс оқулары» республикалық конкурсы; |
7 |
«Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар конкурсы; |
8 |
«Мақатаев оқулары» конкурсы; |
9 |
«Bebras» информатика бойынша ойын-конкурсы; |
10 |
«Кенгуру» ойын-конкурсы. |
11 |
«Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы; |
12 |
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы; |
13 |
«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы; |
14 |
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық (әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу) форумы; |
15 |
«Открываем мир профессий» форумы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
16 |
«Первый шаг к великому изобретению» инновациялық идеялар байқауы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
17 |
«Дети Казахстана в мире без границ!» балалар киносы фестивалі (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
18 |
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің форумы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
19 |
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слеті (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
20 |
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме конкурсы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
21 |
«Алау» («Жас улан») әскери спорттық ойындардың финалы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
22 |
«Моя инициатива – моей Родине» шығармашылық жобалар байқауы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
23 |
«Ашық алаң» республикалық интеллектуалдық оқушылар арасындағы турнир (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық); |
24 |
Қазақстан Республикасының мамандырылған мектептері мен музыкалық колледждері оқушылары арасындағы республикалық кіші олимпиадасы (Қазақ ұлттық консерваториясы). |
4-тарау. Кәсіби шеберлік конкурстары
1 — параграф. Халықаралық кәсіби шеберлік конкурстары:
Жүктеу
№ |
Халықаралық конкурстар атауы |
1 |
«WorldSkills International» халықаралық чемпионаттары; |
2 |
«WorldSkills Europe» халықаралық чемпионаттары; |
3 |
«WorldSkills Asia» халықаралық чемпионаттары; |
4 |
«WorldSkills» өзге елдердегі халықаралық чемпионаттары. |
2 — параграф. Республикалық кәсіби шеберлік конкурстары:
Жүктеу
№ |
Республикалық конкурстар атауы |
1 |
«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты; |
2 |
«WorldSkills» салалық/корпоративтік чемпионаттары; |
3 |
«WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаты. |
3 — параграф. Педагогтердің шығармашылық шеберлігіне арналған іс-шаралар тізілімі:
Жүктеу
№ |
Педагогтерге арналған іс-шаралар атауы |
1 |
«Үздік педагог» республикалық және облыстық конкурсы; |
2 |
Оңалту орталығы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің «Үздік педагог» республикалық конкурсы; |
3 |
«Арнайы білім берудің жаңашыл-педагогы» республикалық конкурсы; |
4 |
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік педагогы» республикалық конкурсы; |
5 |
«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы; |
6 |
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы; |
7 |
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы; |
8 |
Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы; |
9 |
«Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы; |
10 |
Мұғалімдерге арналған пәндер бойынша «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы; |
11 |
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы; |
12 |
«Виртуалды Білім беру бағыты шеңберінде» еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасы»; |
13 |
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық конкурсы (Мектепке дейінгі балалық шақ); |
14 |
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық конкурсы (Мектепке дейінгі балалық шақ); |
15 |
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейынгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы; |
16 |
Нақты жобаларды қорғау; |
17 |
Әлеуметтік идеялар мен жобалар; |
18 |
Үздік авторлық бағдарлама; |
19 |
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің республикалық байқауы |
20 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсы; |
21 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мұнай-газ саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
22 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы көлік және байланыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
23 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
24 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
25 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
26 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
27 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
28 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы тау-кен металлургия саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
29 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
30 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ІТ саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
31 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
32 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы спорт саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы; |
33 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласында саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы. |
5-тарау. Спорттық жарыстар
1 — параграф. Халықаралық спорттық конкурстар:
Жүктеу
№ |
Спорттық жарыстардың атауы |
1 |
Жазғы олимпиада ойындары; |
2 |
Қысқы олимпиада ойындары; |
3 |
Жазғы Азия ойындары; |
4 |
Қысқы Азия ойындары; |
5 |
Жабық Азия ойындары Азиатские игры в закрытых помещениях; |
6 |
ТМД және Балтық елдерінің юниорлары арасындағы халықаралық спорттық ойындар; |
7 |
Спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем (Азия) чемпионаты; |
8 |
Дүниежүзілік жасөспірімдер олимпиадасы; |
9 |
Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиада; |
10 |
Дүниежүзілік жазғы және қысқы универсиада. |
2 — параграф. Республикалық спорттық жарыстар:
Жүктеу
№ |
Спорттық жарыстардың атауы |
1 |
Қазақстан Республикасының колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы; |
2 |
Қазақстан Республикасының оқушыларының жазғы және қысқы гимназиядасы; |
3 |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары; |
4 |
Қазақстан Республикасының Кубогы; |
5 |
Қазақстан Республикасының спартакиадасы; |
6 |
Қазақстан Республикасының педагогтар спартакиадасы; |
7 |
Спорт түрлерінен Ұлттық мектеп лигасы |
8 |
Ұлттық спорттық ойындар (тоғызқұмалақ, асық ату). |
Media bilim мен Qazaq mektebi Республикалык олимпиада жарайдыма
мектепалды даярлық сыныптарға қандай жарыстар бар
Білім өркениеттің байқауы жарайды ма?
Пед старт 2023ж қашан болады?