Жас адамды тәрбиелеудiң негiздерi. Үлкендi құрметтеу, борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртiптi бұлжытпай орындау, заңга бағыну — жас адамға қажет iзгiлiк белгiлерi осы. Мұны бiз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам — нағыз жауынгер. Оның қасиетi — адалдық, арлылық, тәртiптiлiк.
…Батырлық — табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшiн өзiңдi-өзiң қауiпке қарсы саналы түрде зорлап көндiрудiң нәтижесi. Мұндай да адам өз достарым тек игiлiктi ғана емес, сонымен бiрге қатердi де бөлiсе отырып, жауды жою арқылы өзiн және отандастарын қауiпсiздендiруге тырысады, өзiнiң азаматтық ары мен намысын ессiздiктен, масқаралықтан корғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерiн ашып көрсете түседi
Бауыржан Момышұлы