Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.
Үздік шығармалар беріп, әлемдік даңққа бөленген, көп салалы мол сырлы, алуан әуезді қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің алдыңғы қатарында ауызға алынып, құрмет етілетін қаламгерлердің бірі — Әбділда Тәжібаев. Оның шеберлік өрісіндегі елеулі туындыларының бірі – «Портреттер» поэмасы. Бұл поэмадағы лирикалық қаһарманның тұлғасы қандай?
Лирикалыққаһарман үниені аса бір ынтық көзбен шолады, өткен тарихты айөын азаматтық зердемен ой тезінен өткізеді. Поэма барысында дәуір сипаттарын оқиға ауқымында, шиеленісті тартыстар шешімінде ашуға автор аса ынталы емес. Керісінше қаһарманның жан әлеміндегі боямасыз жеке шынайы түйсіну, сезім тербелістері арқылы адам тағдырларының қоғамдық-әлеуметтік сілкіністер аясындағы баянды, баянсыз халінен сыр ашуға ден қойған. Уақыт және уақыт көлеміндегі адам тағдырларын ақын жинақы, шебер, кестелі тілмен, жанды суреттеулермен, асқақ, өміршең адамсүйгіштік рухты ашады. Шығарма тіршілік қуанышымен шаттанған қаһарманның төрт құбыласы түгел қалпында басталады да, әрі қарай бір үйлі жанның өмір сәулесі солғындап, асқар тау әкеден, араға жылдар салып, әке орнына әке болған бауыр – ағадан, ұзамай көз қуанған қарындастан көз жазып қалуы айтылады. Одан әрі қайғылы жылдар өтінде қасіреттен шөккенімен, қайтадан жаңғырған өмір шуағына жылынған қарт ана тағдыры – төңкеріс, зобалаң, соғыс жылдарында, уақыт бедерінде тұтас бір халық бастан өткерген тарих баяндалады. Лирикалық қаһарман бастан өткерген өмірдің әрбір адамға етене қымбат сәттері, тым таным күйлері оқырмандарды толқытады. Автордың ұтымды, ұрымтал тұстардан алып отыратын тіршілік құбылыстары өтімді көркемдік шешім арқауларын түзеді.
Қорытындылай келе, адам, уақыт, ұрпақ сабақтастығы. Адамның өмірсүйгіш рух қуаты. «Портреттер» осыны жаңа поэтикалық үлгіде қазақ поэзиясына алып келді. Әбділда ақын поэзиясына тән негізі өміршең сипаттар шығармада тағы да жаңа бір көркемдік арнаға бет бұрған болатын. Бұл уақыттың көркем бейнесі кейпінде келесі буын ақындары ширата түскен өнімді тәсілге айналды. Адамның замана арпалыстары аяулы өмірі туралы жаңа бағытта жантолқытар шығарма жазу үрдісінің орнығып, жалғасуында Әбділда Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасы елеулі поэтикалық мәнге ие болды.