.С.Сейфулин «Сыр сандық» өлеңі

.С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

Қазақ әдебиетінде өзінің сыршыл өлеңдерімен артына өшпес із қалдырған ақындардың бірегейі — Сәкен Сейфуллин. Оның лирикалық шығармалары оқырман қауымды адалдыққа, нәзіктікке жетелейді. Сондай өлеңдерінің бірі — «Сыр сандық» өлеңі. Ендеше, ақын нағыз досқа қандай қасиеттер тән деп есептейді?
Ақын өлеңде адал достық пен амал достықтың ара жігін ажыратып, тілге тиек етеді. «Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда, — деп, уақытша достарды тауыққа теңеп, қолында жемің болса ғана сенің қасыңда болатынын, ал, жем таусылса жалт беріп жоқ болатынын айтады. Мұндай алдамшы достар қазіргі уақытта да кездеседі. Атқарған қызметің, лауазымың жоғары болса немесе қолыңда қомақты қаржың болса, амал достардың сені айналшықтайтыны анық.
«Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған»,- дей келе, нағыз достарды берік қоймаға теңейді. Менің ойымша, олар бір-біріне айтылған сырларын өз іштерінде ғана сақтайды. Құпияны сақтай білу әр адамның қолынан келе бермейді. Ендеше, ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жан-жақты дәріптеп жырлайды. Мұндай адал достар қазіргі таңда санаулы. Себебі, басыңа іс түскенде иық тірейтін, арқа сүйейтін досың болса, өмірде кездесетін қиыншылықтарға бірге төтеп беріп, небір белестерді бағындыра аласың. «Нағыз достар –Шыққанбық дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып…» деген тармақтарын сөзіме дәлел ретінде айта аламын.
Қазіргі қоғамда адал дос пен арам досты ажырата білу қажет. Өзгеге мін таға бермей, өз бойыңда нағыз досқа тән қасиеттерді қалыптастыра білу — ізгі қасиет. Нағыз досқа тән қасиеттер деп адалдықты, құрметті, сыйластықты айтар едім. Қазақ халқының болмысында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет бар. Ол — достыққа беріктік, адалдық.
Қорыта келгенде, С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі арқылы бізге достықты дәріптеп, оны бағалауды үлгі етті. Ендеше, досымызға адал болып, достығымызды сақтай білейік!



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *