ӘУБӘКІРОВА Жәния Жақияқызы

ӘУБӘКІРОВА Жәния Жақияқызы (19.4.1957 ж.т., Алматы) — Қазақстанның халық артисі (1991), проф. (1993). 1979 ж. Мәскеу консерваториясын бітірген (1979). Алматы консерваториясында доцент, кафедра меңгерушісі болды (1981—97). 1997 жылдан осы консерваторияның ректоры. Жеке концерттік бағдарламамен және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге Қазақстан қалаларында, ТМД, Франция, Алмания, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чех Республикасы, Болгария, Корея, Жапония мемл-терінде өнер көрсетті. М. Лонг және Ж. Тибо атынд. (Париж, 1983) және камералық ансамбльдер (Париж, 1985) халықар. конкурстарының жүлдегері. Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1982), Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатгалған (1998).

Ә. туралы “Жаңа толқын” (1984), “Рояльдің алдындағы монологтар” (1986), “Дуэт” (1998) атты фильмдер түсірілген. 1994 ж. Алматыда жеке меншік муз. колледж ашты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *