Ақмола облысында колледждің үздік педагогы анықталды

Ақмола облысында колледждің үздік педагогы анықталды

Ақмола облысы ТжКББ ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2021» сырттай облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың ұйымдастырушылары-Ақмола облысының білім басқармасы және Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.

«Үздік педагог-2021» атағы үшін облыстың 27 оқу орнынан жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары сайысқа түсті. Конкурс төрт тур бойынша өткізілді: бейне-ролик, эссе, портфолио, бейнесабақ. Мұғалімдер қызықты да, мазмұнды материалдарды ұсынды. Бірақ конкурстың аты конкурс.

?Облыстық конкурстың Гран-при иегері «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы Алия Заманбекқызы Заманбекова атанып, білім басқармасының дипломымен және 875 100 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

Қалған қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамоталары табысталды.

Оқытушылар келесі номинацияларға ие боды:
«Зерттеуші педагог» — «Көкшетау қаласының құрылыс — технологиялық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Балдырган Майлыбаевна Кусаинова;
«Шығармашыл педагог» — «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК міндетті фортепиано оқытушысы Бузина Людмила Константиновна;
«Жаңашыл педагог» — «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК педагогика және арнайы пәндер оқытушысы Гарбуз Елена Сергеевна;
«Көшбасшы педагог» — «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК арнайы пәндер Орал Темиркеевич Сактаганов;
«Эрудит педагог» — «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы Тарасевич Ия Владимировна.

Номинацияның барлық иегерлеріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ атынан грамоталар мен 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

Колледждің педагогикалық қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келетінін атап өткен жөн.

Дереккөз: akmoedu

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *