ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, министрлік жұмысының негізгі қорытындылары мен қызметінің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. «Біз педагогикалық мамандықтарға шекті балдарды 50-ден 75-ке дейін ұлғайттық. Біз үшін ең мықты түлектердің осы мамандыққа түсуі өте маңызды. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін орташа балл 60-тан 90-ға дейін өсті. Бұл жерде біз мықты түлектердің педагогикалық мамандықтарды таңдайтынын байқаймыз. Өткен ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге артты», — деді Аймағамбетов жұма күні. Сондай-ақ, Болашақ педагогтардың стипендиясы екі есе өсіп, ең жоғары деңгейге көтерілгені хабарланды. Қазақстанда барлығы 347 мың педагог жұмыс істейді.