Қызды зорлаған өгей әкесі, бірақ сотқа тартылған мектеп директоры…

Өгей әкесі зорлаған 10 жасар қыз оқитын мектеп директоры зорлық-зомбылық фактісі туралы хабарламады деп айыпталды. Соттағы соңғы сөзінде әйел өзін жазаламауды өтінді.
Батыс Қазақстан облысындағы гимназия директорына қатысты «үнсіздік» деп айыпталған атышулы сот процесі аяқталуға жақын. Лариса Қожахметова өзінің оқушысын өгей әкесінің зорлағаны туралы хабарламады деп айыпталуда.

 

Бірақ білім беру мекемесінің басшысы кінәсін мойындамайды. Қожахметова өзінің соңғы сөзінде өзіне тағылған барлық айыптарды негізсіз деп атады. Қылмыс мектептен тыс жерде болды, қыздың анасы мен туыстары бар, олар оған жауап беруі керек, деп санайды сотталушы.
Ол өзін нашар сезінгенін айтты: қатерлі ісік ауруы және бас жарақаты, сонымен бірге соттан үш баласының барын ескеруді сұрады.

«Бүгін біз мұғалімдерді ешкім қорғамайтындығына куә болып отырмыз. Осындай жағдайдан кейін кім мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істейді? Олар мүлдем қорғансыз! Қыздың шешесі бар, ол оған жауап беруі керек. Ол осындай оқиғадан кейін еркекпен бірге өмір сүре бергені қалай? Сондықтан құрметті сот, сіз дұрыс шешім қабылдап, әділ үкім шығарасыз деп үміттенемін », — деді Қожахметова сот отырысында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *