Қазақстандық үш ЖОО аккредитациясынан айырылды

?Қазақстандық үш ЖОО аккредитациясынан айырылды

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды.

«Білім туралы» заңға сәйкес, лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды.

Бұл жоғары оқу орындары аккредиттеу орталығы мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне жоспарлы тексерулер жүргізуге кедергі келтірген. Бұған дейін жүргізілген тексерулер нәтижесінде осы үш ЖОО-дан бірқатар бұзушылық анықталған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *