Оралда 14 жастан асқан оқушылар жазғы демалыста 42 500 теңгеден ала алады
Оқушылардың «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында жаз бойы мектеп бақшасында еңбек етіп, табыс табуға мүмкіндігі бар.
Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Аймақтағы 12 ауданның 70-ке жуық мектебі жобаға қолдау білдірді. Мектеп оқушылары ата-анасы келісім берген жағдайда ғана жаз бойы бау-бақшада еңбектене алады. Оларға айына 42500 теңге төленеді», — деп жазды қала әкімі.