ӘУБӘКІРОВ Байболат Абайұлы

ӘУБӘКІРОВ Байболат Абайұлы (5.01.1955 ж.т., Павлодар обл. Екібастұз қ.) — ғалым, экон. ғыл. докт. (1994), Қазақстанның еңб. сің. экономисі (1992). Қарағанды мемл. ун- тін бітірген (1983). қазақ зағиптар қоғамына қарасты Алматы өндірістік оқу кәсіпорнының жұмысшысы, Жамбыл обл-ндағы Шу өндірістік оқу кәсіпорнының директоры (1981 — 83), Қазақ зағиптар қоғамының төрағасы болды. Ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты зағиптар еңбегін кәдеге жаратудың ғыл. мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеулерінің нәтижелері Қазақ зағиптар қоғамының өндірістік оқу кәсіпорындарында, ТМД елдерінің осындай қоғамдарының жұмысында пайдаланылып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *