СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ – Дене

шынықтыру және жаттығу әреке- тіндегі адам психикасының түрлі өзгерістермен қалыптасу зандылық- тарын зерттейтін психология ғылы- мының саласы. С.п.-ның қазіргі уа- қыттағы негізгі міндеттері – спорт- шылардың спорттық жоғары нәти- желерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлға- сын жан-жақты дамыту, оның жал- пы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады.

Спорттық жарыстардың алдында спортсмендердің психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру жә- не бәсекелестік мәселесінен жеңім- паз ететіндей нұсқалармен қару- ландыру. Жарыс барысында өзін- өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру. С.п. – жарыс және жаттығу жағдайларында адам пси- хикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік

заңдылықтарын зерттейтін психоло- гия ғылымының бағыты.

Психологияның басқа да көптеген бағыттары секілді С.п. XX ғасырдың 60-70-жылдарында қауырт дамыды; бастапқыда бұл саладағы негізгі зерт- теулер спортшылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін, спорттық жат- тығулардың нәтижелілігін арттыру амалдарын зерттеге жұмылдырыла- ды. Қазіргі уақытта С.п. зерттейтін мәселелер анағұрлым көбейді. Спорт- тың әр түріне орай, жалпы, педаго- гикалық, жастық және әлеуметтік психологияның жетістіктері ескеріле отырып арнаулы жаттығу кешендері- нің бағдарламалары жасалуда. Олар спортшылардың физикалық, сондай- ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық – еріктік, этикалық, мо- ральдық-адамгершілік және ұжым- дық дайындалғандығын кемелден- діруге бағытталады. Спорт психоло- гиясында қозғалыс дағдылары мен біліктерін нәтижелі қалыптастыру- дың заңдылықтары, күш, төзімді- лік, ептілік көрсеткіштерін жетіл- дірудің әдістері біршама егжей- тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеу- лерде спортшылардың арнаулы қа- былдауларының, Мысалы, уақытты сезіну, аралық қашықтықты сезілу, қас қағым сәттік оқиғаларды бол- жау, «допты сезіну», «суды сезіну» секілді қасиеттерінің қалыпасу жол- дары мен әдістері анықталады.

Бұған қоса байқағыштықты, елесте- туді, стратегиялық және тактикалық ойлауды, топтық ойындарда үйлесім- ді өзара әрекеттестікті жақсарту әдістеріне назар аударылады. Бұл зерттеулер спортшылардың әр жас- тағы қабілеттерін және оларды ар-

 

Сайы іріктеу амалдарын анықтау, сондай-ақ жаттықтыру салаларында одан әрі тереңдетіледі. Спорт пси- хологиясының психикалық реттелу, сөре алдында өзін-өзі ұстау, жарыс барысында және жарыс жағдаятынан кейінгі ұстаным секілді бағыттары ерекше проблемалар болып табыла- ды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде спортшының өз жеңістеріне және жеңілістеріне көзқарасы мәселеле- ріне көп көңіл бөлінуде.

Командалар құру, олардағы тұлға- лар аралық қарым-қатынастар, олар- дың топтасқандығын және құнды- лық-бағдарлық бірлігін нығайту про- блемалары, жаттықтырушымен не- месе жаттықтырушылар ұжымымен, жанкүйерлермен (бұлардың ішін- де «спорт фанаттарымен») қарым- қатынас, командалар аралық қарым- қатынастар мәселелері әлеуметтік- психологиялық зерттеулердің өз ал- дына бір бағыты болып саралануда. С. п.-ның қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамы- ту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *