ӘТІКЕЙ Қазақбайұлы

ӘТІКЕЙ Қазақбайұлы (1869 — 1902) — Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрескен батыр. Суан тайпасынан шыққан. Жетісу жеріне келімсектердің жаппай қоныстануына байланысты Көктал, Өсек, Тышқан, Бұрқан өз-нің бойындағы елде де дүрбелең басталды. Нұржекей батыр мен ел жігіттерінен жасақ құрып, ұзақ уақыт мұғажырлардың Жаркент өңіріне келіп орын тебуіне қарулы қарсылық көрсетті. Ақырында Ресей әскерлері оны атып өлтірген. Қос батырдың ерлігін мадақтайтын “Әтікей — Нұржекей” дастаны бар. Дастан тұңғыш рет 1986 ж “Мұра” журналының 3-санында (ҚХР) жарық көрді. Оны “Жалын” баспасы біршама толықтырды, жеке кітап етіп шығарды(1993).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *