- Ырыс алды-ынтымық.
- Бірлік болмай-тірлік болмас.
- Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді. - Тозған қазды,
Топтанған қарға алады. - Ынтамақтың түбі- игілік,
- Тірлік,тірлік түбі- бірлік.
- Ағайын тату болса-ат көп,
Абысын тату болса –ас көп. - Теңге –тиыннан,
Ынтымақ -ұйымнан. - Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар. - Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас. - Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар. - Қырық кісі- бір жақ,
Қыңыр кісі–бір жақ. - Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады. - Күшенген жеңбейдің,
Күші көп женеді. - Ынтымақ- бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш-орман. - Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол. - Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол. - Күш- бірлікте.
- Саусақ бірікпей-
ине ілікпейді. - Ауыл болса-қауын бол.
- Аз да бітер, көпте бітер,
Татулыққа не жетер - Біршілік болмай- тіршілік болмайды.
- Ұйымдасқан ұтады.
- Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды. - Қосылғанның – қолы ұзын,
Қол керуеннің жолы ұзын. - Байлық байлық емес, бірлік- байлық.
- Қол жұмылмай- жылынбайды.
- Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді. - Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен. - Ынтымақтың арты игі.
- Ынтымақсыз елді-
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді-
Дұрысы билейді. - Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын. - Бір кісінікі- мақұл.
Екі кісінікі- ақыл. - Төртеуі түгел төрге шығар.
- Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір. - Итпен ит ырылдасса
Тамағының тоқтығы.
Жігітпен жігіт қырындасса
Ынтымағының жоқтығы. - Жері азған елде
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды. - Біреуге біреу сеп,
Тамағы тіреу сеп. - Тату елдің тамағы таусылмайды.
- Ұрыстың арты-реніш
Татулықтың арты- кеніш. - Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле. - Бірлігі бар елдің,
Белін ешкім сындырмас. - Саусақ ашылса қылдырық,
Жұмылса – жұдырық - Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас. - Ынтымақ жүрген жерде-
Ырыс жүреді. - Адассаң, көппен адас.
- Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде. - Дәулетіне қарай сәулетті.
- Бірліксіз істе береке жоқ.
- Бірлігі күшті ел азбайды,
Пішуі кең көйлек тозбайды.