СЕНСОРЛЫҚ  ИЗОЛЯЦИЯ

СЕНСОРЛЫҚ  ИЗОЛЯЦИЯ (оқшаулану) – адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден  айырылуы.  Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шек- теу бойынша жүргізілген экспери- менттік зерттеулердің нәтижелері өте көрнекті болып табылады. Бұл эксперименттерде зерттелушіні ар- найы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейінгі жағдайға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін-ақ зерттелуші мазасыздық кү- йіне жетіп, экспериментті доғаруды сұраған.

Ал ұзақ мерзімдік эксперимент жағ- дайына түскен зерттелушілер, ал- дымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейін, тіптен, ойлау қабілетінен айы- рылған. Олар тіпті оңай есептерді шеше алмай, көбісінде ес процесі- нің бұзылысы байқалған. Зерттелу- шілердің 80% жуығында көру гал- люцинациялары пайда болған. Осын- дай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған. Осы және басқа да мысалдар адамның түйсіну түріндегі қоршаған дүние жөнінде ақпаратты алу қажеттілігінің күшті екендігін көрсетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *