СЕНСОРЛЫҚ ЕС

СЕНСОРЛЫҚ ЕС – сезім органда- рына түсетін ақпаратты сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойыңда (әдетте, бір секундтан азы- рақ) есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезиялық ес жүйесі стимулдар- дың түрлеріне қарай: көру, есту есте- рі және т.б. сараланады. Сенсорлық есте ақпараттың физикалық белгілері ұсталады деп ұйғарылады; оның тиі- сінше вербалдық-акустикалық және сематикалық кодтау тән болатын қыс- қа уақыттық ес пен ұзақ уақыттық естен айырмашылығы осы. Алайда бұл айырмашылықтың шартты си- паты бар, өйткені физикалық (пер- цептивтік) белгілердің ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, семантикалық си- паттамалардың материалды өңдеу- дің біршама ерте кезеңдеріңде-ақ саралануы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *