СЕЗГІШТІК

СЕЗГІШТІК – 1) организмнің түй- сіне аларға қабілеттілігі. Ол фило- генезде тірі организмдер қоршаған ортаның факторларын, тікелей био- логиялық мәні бар әсерлерге қатысы жөнінен сигналдық функция атқаратын осы факторларға жауап әрекет білдіре бастаған кезде пайда  болды;

2) дифференциалдық психология мен мінезтануда – аффектілік реак- цияларға көтеріңкі дайындық; 3) пси- хофизикада – түйсіну табалдырығы- на кері пропорционал шама. Осы- ған сәйкес, абсолюттік және диф- ференциалдық (айырымдық) сезгіш- тік сараланады. Сезгіштік түрлерінің таптастырылуы түйсінулердің қазіргі таптастырылуларына сәйкес келеді. Мысалы, жасалатын сенсорлық тал- даудың егжей-тегжейлілігі дәрежесі бойынша ерекшеленетін сезгіштік түрлерін ажыратады. Тітіркеңдіргіш- тің сипатын ескере отырып, механи- калық, оптикалық, химиялық, темпе- ратуралық және басқадай стимул- дардың әрекетін сезгіштік туралы айтуға болады. Организмнің сез- гіштігін түйсінулердің негізінде ға- на емес, әртүрлі психологиялық-фи- зиологиялық процестердің өтулері- нің өзгерулеріне қарап бағамдауға болады. Нәтижесінде, әдетте, әртүрлі бірнеше көрсеткіш келіп шығады. Мысалы, мидың интегралдық ырғақ- тарының өзгеру реакциясы бойын- ша анықталатын көрушілік сезгіштік сыналушының сөзбен айтып берген себебі негізінде бағаланатын сез- гіштіктігі жоғары болып шығады. Соңғы жылдары жаңа теориялық тү- сініктердің (сигналды байқау тео- риясы) пайдаланылуы арқасында психофизикада сезгіштіктің «түйсіну табалдырығы» ұғымынан тәуелсіз неғұрлым қорытылған анықтамала- ры пайда болды.

С. (түйсік) – 1) жалпы алғанда – сти- муляциядағы сезгіштік; 2) арнайы мағынасы – әлсіз (нашар) стимулға жауап қайтару, сезгіштіктің төменгі табалдырығы; 3) басқа біреудің сезі- мін түсіну. Талдағыш рецепторлары- на әсер еткен тітіркендіргіштердің бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі бір дәрежеде мөлшері мен кү- ші болуы қажет. Бұл – түйсіну про- цесінде түйсік табалдырығына бай- ланысты. Түйсік табалдырығының шегі – абсолют табалдырық. Абсо- лют табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды, абсолют табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым өткір болғаны. Басқаша айтқаңда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түй- сіктің абсолют табалдырығы мөл- шеріне кері пропорциялы болады. Белгілі талдағыштардың абсолюттік сезгштігі әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір бала сыбырла- ған сөзді алыстан естиді, ал екін- шісі естімейді. Бұдан бірінші ба- ланың абсолюттік сезгіштігі екінші баланыкінен жоғары екендігі бай- қалады. Адам талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі шынында да жоғары болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *