СЕГРЕГАЦИЯ (лат. segregatio – бөліну) – адамдардың қоғамда әлеу- меттік статустарының айырым белгі- сі бойынша санаттарға бөлінуі; мұн- да топтар арасындағы байланыстар- ға, ішінара не толық тыйым салы- нып, өмірлік қарекет салаларының шектелуі талап етіледі. Мұндай бө- ліну әлеуметтік нормаларда, жүріс- тұрыс стереотиптерінде, қоғамдық институттарда орнығады, симво- ликамен кодталып, баса көрсетіледі (ерекшелік белгілері, киім, табу, дәс- түрлер, жоралар).
Қоғам тарихы сегрегацияның әр алуан түрлерінің көп болғандығын көрсетеді. Сегрегацияның негізі адамдардың арасында нақты бар, ерекше түрде ұғынылған айырма- шылықтар болуы мүмкін: жыныс – жыныстық сегрегация, жас – жасқа қарайғы сегрегация, антропология- лық тип – нәсілдік сегрегация, этнос- тық қатыстылық – ұлттық сегрегация. Оған сондай-ақ белгілі бір страти- фикацияланған топтарға, сословие- лерге, касталарға (сословиелік, кас- талық С.) қатыстылық, діне құпия жораларға қатыстылық негіз болуы мүмкін. Әлеуметтік қауымдастық деңгейінде идеологияда, саясатта, этикетте көрінеді. Тұлғааралық қа- тынастар деңгейінде С. Басқа санат- тың адамдарын және өзін-өзі ұғы- нудағы әлеуметтік ұстанымдар мен стереотиптер түрінде болады. С. уа- қытша сипатта болуы мүмкін, мыса- лы, жасөспірімдердің инициация ғұрыптары кезінде өзінің бұрынғы тобынан ажырап жаңа топқа қосыла қоймаған кезінде олар әлеуметтік статусынан айырылып, қоғамнан тыс қалғандай болады. Бұл мәжбүрлік оқшаулану олардың өмірінде бет- бұрыс кезең болып, оның тұлғалық құрылымына әсері болуы мүмкін.