СӘБИ. Мектеп жасына дейінгі бала- ның негізгі әрекеті – ойын. Оның бар- лық психологиялық ерекшеліктері де осы ойын үстінде қалыптасады. Бала неше түрлі ойындарды үйренеді. Маз- мұндық, рөлдік ойындар баланың зе- йінін, есін, ойлауын, қиялын қалып- тастыруда зор маңыз атқарады. Мә- селен, бала қуыршақпен ойнағанда, оны ауру деп санайды да, өзі дәрігер бола кетеді, қолына сөмке ұстайды,
«ауруының» қолтығына термометр салады. Қозғалыс ойындары оның ерік-жігерін, қол-аяғы мен денесінің қозғалыстарын қалыптастырып, жү- рісін қатайтып, жаттықтырады. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әре- кеттерін қайталауға тырысады: қуыр- шақтарын тамақтандырады, ұйықта- тып, қыдыртады. Үш-төрт жасар сәби үлкендердің іс-әрекетін, еңбек про- цесін ойын арқылы жақсы көрсете алады. Осы жастағы балалар әке, ше- ше, дәрігер, көлік жүргізуші болып ойнауға құмар. Өйткені бұл – оларға таныс тақырып.
Осы кезде сәби ана тілінің грамма- тикалық құрылысын (әр түрлі сөй- лемдер, сөздерді жіктеу, септеу т.б.) тым тәуір меңгереді, оның өз бетін- ше сөз құрау белсенділігі күшті бо- лады. Осындай балалар, тіпті, мек- тепке түспей-ақ хат танып кетеді.
Мектеп жасына дейінгі сәбидің ой- лауы айқын және нақтылы келеді. Заттарды ол бір-бірімен салыстыра отырып, ұқсастық айырмашылықта- рын біраз ажырата алады. Оның тек жеке бір нәрсе туралы ғана түсінігі болып қоймай, мұнымен қатар топ- танған бір тектес нәрселер туралы да жалпы түсінігі болады. Төрт-бес жас- тағы сәбилер үлкендерге сұрақ қой- ғыш келеді. Мысалы, «Ай неге құ- лап кетпейді!», «Жұлдыз неден жа- салынған?», «Жел қайдан шығады?»,
«Сиырда сүт қайдан пайда болады?» тағы басқа осы сияқты шындықта- ғы заттарды танып-білуге байланыс- ты қызығулары күшті болады. Абай осы жастағы балалардың психоло- гиясын тамаша көрсеткен. Оның ай- туынша бала «…білсем екен демелік, не көрсе соған талпынып, жалтыр- жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, та- мағына, бетіне басып қарап, сырнай- керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде: ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жы- ласа да тура жүгіріп, «ол немене?»,
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?»,
«бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген құлағы естігеннің бәрін сұрап, ты- ныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үй- ренсем екен деген».
Үш жастан жеті жасқа дейінгі кезең- де сәбилердің ақыл-ой белсенділік- тері, түрлі нәрселерді ұғынулары мо- лайып, мектепте көрінетін қабілет пен қасиеттердің біразы нақ осы шақта қалыптасатындығын психолог- тардың зерттеулері жақсы көрсетіп отыр. Осы шақтың бір ғажап ерек- шелігі – баланың оқуға өте құштар келетіндігі. Бала кез келген нәрсені тез, әп-сәтте ұғынып алып отырады. Бұл жайды әрбір ата-ана, балалар бақшасы тәрбиешілері тез байқайды. Кейбір жанұяда, тіпті, балалар бақ- шасында да сәбиге шамадан тыс қам- қорлық жасалады, оларға көптеген мә- ліметтер тек баяндау түрінде беріледі де, құбылыстар арасындағы ең қара- пайым байланыстарға бала назары аударылмайды. Мұның өзі баланың ақыл-ойын дамытуға қолайсыз әсер етіп, оның жасына лайықты мәлімет- терді ұғынуына бөгет жасайды. Бұл – ескеруді қажет ететін нәрсе.
Бала үлкендердің айтқанына қарай өздерінің теріс істеріне ұяла бастай- ды да, мақұлдаған іске масаттанатын болады. Бұл – онда жоғары сезімдер- дің (моральдық, интеллектік, эстети- калық) пайда бола бастағанын көрсе- теді. Моральдық сезімдер балада ерте оянады. Мәселен, 3 жасар сәби өзінің шешесін, әжесін, атасын жақсы көріп құшақтайды, оларға қолындағысын береді, жағымсыз істері үшін қысы- лады, «екіншіде бұлай жасамаймын» деп уәде береді. Баланың сезімі – кір- шіксіз таза сезім. Бірақ бұл – әлде де тұрақсыз, өрісі тар сезім. Төрт-бес жастағы сәбилерде психикалық қасиеттердің (қабілет, мінез, темпе- рамент т.б.) белгілері көріне бастай- ды. Мәселен, олар үлкендердің тілін алып, өздерінің тілектерін тия алады,
«жаман», «жақсы», «болады» деген сөздердің мәніне түсінеді. Осы кезде бұлар әке-шешесін, туған-туыстарын жақсы көрумен қатар, басқа кісілер- ге де ізеттілік білдіреді, өздерімен бірге ойнайтын жолдастарының мі- нез-құлқына, жүріс-тұрысына қарай бастайды, өзінше «баға» беруге ты- рысады. Мұндай қасиет алты-жеті жа- сар балаларда жақсы байқалғанмен, үш-төрт жасар сәбилерде жөнді кө- рінбейді.