САЯСАТ ПСИХОЛОГИЯСЫ – қоғамның саяси өміріндегі әлеуметтік психологиялық компоненттерді, ұлт- тар, әлеуметтік топтар, үкімет және жеке тұлғалардың саяси саналары- ның деңгейі және олардың нақты сол сананы іске асыру әрекеттерін зерттейтін психология ғылымының саласы. С. п.-нда ішкі саясаттық мә- селелер (адамдар мен топтардың сая- си саналарының қалыптасуы мен дамуы, саяси үрдістердің психология- лық жақтарын; адамдардың саясат жүйесіне қалыпасын т.б.) және ха- лықаралық қатынас мәселелері мен сыртқы саясатты (халықаралық қа- тынастың психологиялық аспек- тілерін, сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үрдістерін, әсіресе дағда- рыс жағдайындағы мәселелерді; ха- лықаралық дау-дамайларды және оларды шешудің әдістемелерінің психологиясын; халықаралық ынты- мақтастық пен бейбітшілік мәселе- лерін) зерттеді. Саясат психологи- ясында саясат аренасындағы жеке тұлғаларды зерттеумен олардың тех- нологиясын құрастыру ерекше орын алады. Ертеректе саясат психология- сы әлеуметтік психология саласы- ның меншігінде болған. Қазіргі ке- зеңде С.п. психология ғылымының дамып келе жатқан салаларының бі- рі болып есептеледі.