ӘСКЕРИ ШЕРУ

ӘСКЕРИ ШЕРУ, өскери п а р а д (лат. раго — дайындаудамын, дайындап жатыр- мын) — үлкен мерекелер мен мемлtrtnn3r және әскери маңызды оқиғалар құрметіне өткізілетін салтанатты әскери байқау. Кейде ірі жаттығулар соңынан да өткізіледі. КСРО-да ерекше салтанатты оқиғаларға байланысты әскери шеру өткізу дәстүрі қалыптасқан еді. Ең үлкен әскери шерудің бірі 1945 ж. 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруі болды. ҚР-ндағы тұңғыш үлкен әскери шеру Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы құрметіне 1992 ж. 7 мамырда Алматы қаласында Республика алаңында өтті. Отан ҚР ҚК әскер түрлері, Қорғаныс министірлігінің, Әскери-әуе күштерінің, Шекарашылар әскерінің, Ішкі әскерлердің, әскери оқу орындарының, Алматы гарнизонының, әскери комиссариаттардың жинақталған полктары қатысты. Бұл алғашқы әскери шеруді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы С.Нұрмағамбетов қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *