САНА – адам психикасының ең жо- ғарғы сатысы және болмыстың осы С. арқылы күрделі түрде бейнеле- нуі. Адамның С.-лы әрекеті табиғат пен айналадағы нәрселерге ықпал етіп, еңбек әрекеті арқылы өзінің негізгі қажеттілігі мен мұқтажын қанағаттандырады. С. деп шынайы дүниенің бейнесі ретінде, тек адам- ға ғана тән және олардың еңбек ету үрдісінде дамитын психиканың жоғары формасын атайды. С. психи- ка дамуының ең жоғарғы сатысы, материя дамуының белгілі бір саты- сында пайда болған қасиеті. С. ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетіл- ген бейнесі. С- психиканың адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объек- тивтік болмыстың адам миындағы бейнесі.
Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен се- зіп білуден абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы – ақиқат- ты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бар- лық дерлік психикалық үрдістер өзара байланысты болғандықтан, С. біртұтас құбылыс деп саналады. Адам санасының өрістеуі мен жеті- луі білімді меңгеріп, оны дамыту, өзінің практикалық іс-тәжірибеле- рін өрістету арқылы белгілі жүйе- мен зерттеліп отырады. Адам С-ның дамып жетілуі ұзақ дәуірде эволю- циялық жолмен дамып қалыптасқан тарихи үрдіс. С.-ның қоғамдық сипа- ты мен дара адамның санасы жеке- леп іздестіріледі. С. әлеуметтік да- мумен, еңбек үрдісінің жетілуіне тығыз байланысты. Экономикалық (өн- дірістік) қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. С.-ның дамуы сыртқы ортадан тә- уелді болып отырады дейтін түсінік- ті ғылымда детерминистік принцип деп атайды.
Объективті себептіліктің зандылық- тарымен нәрселердің шығу тегін тү- сіндіретін принцип. Себептілік дү- ниенің заттары мен құбылыстары- ның өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды. Адам табиғаттың туын- дысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сырт- қы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің санасын дамытады, оның ешбір ру- хани қасиеті туыстан ғана пайда болмайды. Болмыс пен шындықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі. С. – әлеуметтік тірші- лік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік – шындық болмысты сезімдік және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді. Объективтік дүние, адамға әсер етіп, елестеулер, түсініктер, ойлар және сана мазмұнын құрайтын басқа да рухани феномендер түрінде бейне- ленеді және мәдениет өнімдерінде таңбаланады. Психологияда С. өзін қоршаған болмыстан ерекшелейді, бұл болмысты мақсаткерлік іс-әре- кеттің реттеушісі қызметін атқара-
САНА
ын психикалық бейнелер ныса- нында бейнелейтін субъекттің пси- хикалық өмірінің ұйымдастыры- луының ерекше, жоғары деңгейі деп ұғындырылады.