РУХ

РУХ – ой мен сананың шоқтығы, адамның психикалық белсенділігінің көрінісі, адамның сана-сезімі мен қимыл-әрекетінің ең жоғары деңгейі. Р. адамның өмірі мен өзіндік құн- дылығын субъективті тұрғыдан са- лыстыруға, бағалауға мүмкіндік бе- реді. Рух санамен, жанмен үйлесе ке- ліп, адамның танымға деген қажет- тілігін, өмірге деген құмарлығын арттырады. Рухы жоғары адам ты- ныс-тіршіліктегі қиыншылықтармен тұйықталып қалмай, өзгенің адам- гершілігін құрметтеп, оған ілтипат- пен қарап, көмектесуге бейім тұра- ды. Ол жағымды істен қанағат таба- ды. Рухты, рухани қабілетті қалып- тастыру – тәрбиенің түбегейлі мақса- ты. Халық рухы – халықтық психология ұғымының синонимі, әр ұлттың өзіне тән психологиялық ерекшелі- гі, олардың психологиялық ерекше- ліктерінің жиынтығы. Халықтық психология – ұлттық психика мен мінез-құлықтың  халықтың санасына

«сіңген» ерекшелігі, қарапайым пси- хологиялық білімдердің жүйесі. Ха- лық рухы мәселесі қазақ топырағын- да алғаш рет Ш. Уәлиханов еңбек- терінде көрініс тапқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *