РЕЦЕПТОР – дененің үстінде не- месе оның ішінде орналасатын, жә- не табиғаты жағынан әртүрлі тітір- кендіргіштерді физикалық, химия- лық, механикалық және т.б. – қабыл- дауға және оларды жүйкелік электр импульстарына түрлендіруге арнал- ған арнайы органикалық құрылғы. Эволюция барысында әрбір рецеп- тор белгілі бір тітіркендіргішке ар- найы бейімделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезуді сезінуге, аусторецепторлар дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсі- нуге, стиборецепторлар – иіс сезуге, фонорецепторлар – дыбыс-тық ті- тіркендіргіштерді және фоторецеп- торлар (немесс сәулелік) рецептор- ларды түйсінуге бейімделген. Алай- да кейбір парадоксалды жағдайлар- да адекватты емес тітіркендіргіш белгілі бір рецепторға әсер ете оты- рып, оған тән түйсіктерді тудыруы мүмкін. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күшті қысым көздің жарығын тудыруы мүмкін (мысалы, соққы кезінде көзден ұшқын шыға- ды). Бұл өте сирек жағдайларда бо- лады. Ал, жалпы алғанда, түйсіктер арнайы сезім мүшелері (анализатор- лар) арқылы тек өзіне ғана тән тітір- кендіргіштерді түйсінуге арналған, яғни көбінесе объективті болып ке- леді. Бұл жерде тағы бір ескеретін нәрсе, түйсіктер, сезім мүшелерінің, рецепторлардың арнайы қызметіне немесе спецификалық энергиясына (И.Мюллер тұжырымдағандай) бай- ланысты емес, ал негізінен сыртқы тітіркендіргіштердің қасиеттеріне тәуелді болады.