ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ ФЛОТЫ

ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ ФЛОТЫ — мемлекет Қарулы Күштерінің маңызды құрамдас бөлігі. Теңіздегі (мұхиттағы) ұрыстар кезінде дұшпанның Әскери- теңіз Күштерін талқандауға, оның жағалаудағы өнеркәсіптік-экон. аудандары мен маңызды әскери объектілерін жоюға немесе құрлықтағы өз нысандарын теңізден (мұхиттан) жасалған шабуылдардан қорғауға арналған. Қазіргі заманғы мемл-тердің Ә.-т. ф. қарсылас жақтың судағы және жер бетіндегі арнаулы базалардағы күштеріне, түрлі объектілеріне ядролық соққы беруге, мұхиттағы, теңіздегі байланыс желілерін үзуге, сондай-ақ өзінің байланыс желілерін қорғай отырып, құрлықтағы әскерге қолдау көрсетіп, көмек беруге, әскерлерді тасымалдауға, теңіз десанттарын түсіруге бейімделінген. Қазақстанның Әскери-теңіз Күштері 1993 ж. 2 сәуірде ҚР Президентінің арнаулы Жарлығымен құрылып, 1998 ж. Шекара күзеті Күштерінің құрамына енгізілді. Бұл Теңіз Флотилиясы шекарашылармен біріге отырып, Қазақстанның Каспий т. жағалауы арқылы өтетін мемлекеттік шекарасын күзетеді. Құрамында өз авиациясы, кеме және жағалау артиллериясы бар. Әскери күш-қуаты жаңа қару түрлерімен, әскери катерлермен толығып келеді. Алғашқы отандық әскери катердің бірі “Астана” деп аталды (1998).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *