ӘСКЕРИ-ТАРИХИ АРХИВ

ӘСКЕРИ-ТАРИХИ АРХИВ, Ресей Федерациясының әскери-тарихи а р х и в і — Ресейдегі 18 ғ-дан бастап қазіргі заманымызға дейінгі әскери-соғыс істеріне байланысты құжаттар сақталған тарихи-салалық мекеме. 1797 ж. құрылған. Архивте Ресей және Кеңес армияларының орталық және жергілікті басқармалары мен мекемелерінің құжаттары, картогр. материалдары, сызбалары, жоспарлары жиналған. Онда Қазақстанға қатысты деректерқоры да мол. Қазақ хандығының әскерлері, қазақжеріндегі Ресей бекіністері, 1773—75 ж. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатынасқан қазақтар, 1812 ж. орыс — француз соғысында башқұрт қолының құрамында шайқасқан қазақ жауынгерлері туралы құнды деректер кездеседі. Ресей армиясы Бас штабының Азия бөліміндегі құжаттар кешенінде Ресей империясының қазақ жеріп басып алу барысы, 19 ғ-дағы қазақ халқының құрамы, кәсібі, орналасуы, Қазақстанның жер-су, қазба байлықтары жөнінде көп мәліметтер жинақталған. Шағын халықтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күресі, оның ішінде қазақтардың ұлт-азаттық күрестері туралы деректердің ерекше тарихи, ғыл.-танымдық маңызы зор. Ген. А.Куропаткиннің және т.б. орыс әскери қайраткерлерінің жеке қорларында 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне, майданның қара жұмысына алынған қазақтарға байланысты, ал Уақытша үкіметтің әскери комиссарлары басқармасы (1917) қорларында Алашорда әскері туралы деректер бар. Кеңес дәуіріндегі қазақ ұлттық әскери бөлімдерінің, Ұлы Отан соғысыңдағы (1941 — 45) қазақстандық құрамалардың, одан соңғы жылдардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы әскери округтердің, әскери-оқу орындарының, т.б. мекемелердің құжаттары сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *