Тіл – кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы.
«Менiң көруге, естуге және зерттеуге болатын нәрсеге бүйрегiм көбiрек бұрады», демекші мен де көру, есту, оқу арқылы қазақ диалектологиясын зерттеп зерделеген едім. Тіл білімі саласында қарастырылатын өзекті мәселелердің бірі – қазақ дилектологиясының зерттелуі мен қолданылуыөзіндік ерекшеліктерін зерттеу. Осы тұста белең ала алмай жатқан біршама мәселелерді болашақ филолог ретінде өз тарапымнан зерттеп қарастыруды ғылыми жобамның басты міндеті деп есептеймін.
Қазақ диалектологиясының зерттелуі әрі бүгінгі күнге дейін жеткен зерттеу қортындылары аз емес, әр зерттеген әрі зерделеген ғалымдардың пікірінің төңірегі бір бола тұра алайда келіспей қалған тұстарыда баршылық десем де болады. Жалпы, қазақ диалектологиясының зерттеу мәліметтері көп әйткенмен, зерттеген ғалымдар аз десем де болады.
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері – тіл зерттеушілерінің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болмасын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық әрі кездестіріп жүрміз де. Бірінде аз, бірінде көп деген сияқты, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені хақ. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды.
Диалектілік құбылыстар – халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз – қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды. Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері – әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу – тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта – мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.
Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар. Диалектология (гр. Dialektos – сөйлеу. Гр.logos – білім) – тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым қатынасын зерттейтін сала.
Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тілдегі диалектілердің жігі олардың бір – бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне – көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына сай, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісі өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй, Ойыл – Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстік жағы киіз үй деп атайды. Халық тіліндегі осы сияқты құбылыстарды жинақтау барысында, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау – диалектологияның мақсаты әрі басты міндеті. Тіл – кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тілдің қыры мен сырын зерттейтін ғылым – лингвистика. Бұл ғылым біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған.
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің басты шарты[3, 45]. Осыған орай диалектология екі сатыға бөлінеді. Олар: Сипаттама диалектологиясы, тарихи диалектология болып жіктеледі. Бұл екі бөлік бір ғылым алайда екі нысандар екі түрлі әдіспен зерттеледі. Оларға тоқталып, ара-жігін анықтап көрсетіп берейін.
Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
Сипаттама диалектологиясының міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін айқындау. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер жұмысын 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталған деседі. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С. Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазіргі қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи – мәдени мұрасы. Осы тіліміздегі диалектілік ерекшеліктердің тілдегі қызыметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында оны толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, саралап әрі сараптап, лексика – семантикалық, тақырыптық, мағыналық т.б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарастыру қажет. Ауыз екі тілімізбен түрлі ақын – жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы да сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы. Осы тіліміздегі диалек-тілік ерекшеліктердің тілдегі қызыметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында оны толық қарастыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвистикалық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сараптап, лексика-семантикалық, тақырыптық, мағыналық т. б. түрлі жақтарынан жіктеп, қарас-тыру қажет. Ауызекі тіліміз бен түрлі ақын-жазушылар тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы да сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, халықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін білуге болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарас-тарына тікелей байланысты. Олар арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына әсер етіп, оларды байытып, толықтырып та отырады. Тілімізде айшықты көрініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет-ғұрыпынан, тұрмыс-тіршілігінен т. б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тілінің аймақтық, жергілікті тіліндегі көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз кәдемізге жаратуда, хал-қымыздың төл тіл байлығын байытуда тіл білімінің сүбелі бір саласы – диалектология ғылымының алатын орны ерекше. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті тіл ерекшеліктерінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрып-талған жоғарғы түрі жалпыхалықтық әдеби тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі көптеген жергілікті тіл ерекшеліктері, сан түрлі сөздері арқылы сол халықтың яғни ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, танымын, тарихын көруге болады. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді барынша зерттеп, зерделеудің қазіргі қазақ тіл білімі үшін үлкен мән-маңызы зор. Себебі тіл халық тарихы, мұрасы, оның өткені мен бүгіні, тіл біздің рухани мол құндылықтарымыздың басты белгісі болып табылады. Тіл халықтың айнасы десе де болады… О.Нақысбековтіңкласификациясы бойынша бұл топқа алты сөйленіс кіреді.
Олар: 1. Жетісу сөйленісі — Алматы (Талдықорғанмен қоса) облысының жерін қамтиды; 2. Шу сөйленісі — Жамбыл облысының жерін қамтиды; 3. Шымкент сөйленісі — Шымкент облысының жерін қамтиды; 4. Қызылорда сөйленісі — Қызылорда облысының күншығы-сынан бастап Түркістанға дейін Сыр бойын қамтиды; 5. Ташкент сөйленісі — Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарын қамтиды; 6. Тәжік сөйленісі — оған Төжікстан республикасындағы қазақтар мекендеген аудандар жатады[1, 64].
Оңтүстік сөйленістер тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері
1.Оңтүстік сөйленістер тобына ортақ фонетикалық ерекшеліктер.
д/л: маңлай — мандай, таңдай — таңдай, өңлеу — өндеу, анла — анда, шаңлақ — шандақ;
ж/й: Тіл алды ж дыбысы жарты дауысты й-мен алмасады. Қай, сол, ол, бұл сияқты есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде, көсемшелік тұлғадағы бара, келе, әкеле етістіктерімен жатыр көмекші етістігі тіркесінде кездеседі: қайер — кай жер, сөйер — сол жер, бұйақ — бұл жақ, бара патыр — бара жатыр,.келейатыр — келе жатыр[1, 65].
Тіл – кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тілдің қыры мен сырын зерттейтін ғылым – лингвистика. Бұл ғылым біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің басты шарты[2,75]. Мұндай диалектілерді іздестіріп, біліп жүрудегі мақсатым – халқымыздың келешегі болып саналатын жастарды өзі өмір сүретін жергілікті жердегі диалектілерді біле жүргеніме оны ауызекі сөйлегенде қолданбай, таза әдіби тілде сөйлеуді насихаттау, туған тілімізді келешек ғасырларға таза, әдеби қалпында жеткізу.
Жалпы әлемде 5 жарым мыңдай тіл бар екендігінен хабардармыз. Сол тілдердің ішіндегі бірден – бір таза, бай тіл болып саналатын туған тіліміз қазақ тілін өткен ғасырда – ақ әлем зиялылары мойындаған екен. Ғалым Мешоранский «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай, тілге жатады», — десе. Клапрот: «Қазақтардың диалектісіз бір тілде сөйлетіндігіне көзім жетті» — депті. Әрине туған тіліміздің қасиетті мәртебесі табиғаттың сыйы, әйтпесе, жаңа Гвинея сияқты 2 миллиондай ғана адамы бар арал тұрғындары 400 дей тілде сөйлейді екен, яғни көрші деревня тұрғындары бір – бірін түсінісе алмайды. Бұл, меніңше, қасірет қой. Құдайға шүкір әлемде өмір сүретін 12 миллиондай қазақ (демограф М. Тәтімов есебі бойынша) бірімен – бір ана тілінде түсінісе алады[3,83]. Сондықтан, әр қазақтың абыройлы міндеті – ата – бабамыздың бізге аманаттап тастап кеткен сарқылмайтын да, сатылмайтын да байлығы – туған тілімізді таза, әдеби қалпында келешек ғасырларға жеткізу. Тілімізді таза сақтауымыз үшін өзіміз өмір сүретін өңірде қандай диалектілер бар екенін біле жүріп, әдеби нормадан ауытқымай сөйлеу. Әрқайсысымыз – үлкеніміз де, кішіміз де тілге ұқыпты болуымыз керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Балақаев С. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы, 1971
2. Досқараев Ж., Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1951
3. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі». Алматы, 1969
4. Кемеңгерұлы Қ. «Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс // Еңбекші қазақ, 1926, қазан.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, 4 курс студенті
Ақмағанбетова Ақниет Манарбекқызы
Ғылыми жетекші: г.ғ.м. Қажақпар Әйгерім Ермекқызы