ПІКІРСАЙЫС

ПІКІРСАЙЫС – ұжымдағы әртүрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. П.-та қате көзқарасты әділ сы- нап жеңу көзделеді. П. түрлері: жи- налыс, конференция, пікірталас және т.б. П.-тыру; жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пі- кір таластыруы. Пікірталас тақыры- бы алуан түрлі болуы мүмкін. Мыса- лы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қор- ғау, өнер салыстыру және т.б. П.-тың тақырыбы нақты, көкейтесті болуы- мен бірге, ондағы мәселе, ұсыныла- тын әдебиеттер қатысушыларға кү- ні бұрын таратылады. Уақыт тәр- тібі сақталып, шебер жүргізуші таға- йындалады.

П. – ғылыми жұмысты қорғау ал- дында немесе көркем әдеби шығар- маны жариялау алдында пікір біл- діру. П барысында жұмыстың кө- кейтестілігі, құрылымы, баяндау қи- сыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. П. әлеуметтану, психология, педа- гогика және т.б. ғылым салаларын- дағы зерттеулерде қолданылады. П. әдістемесі сауал қою және сұхбатта- су болып екіге бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *