ПЫСЫҚТЫҚ

ПЫСЫҚТЫҚ – жұмыстық қабілет- тің жоғары нәтижелі түрі, кісілік қасиеттің жасампаз белгісі. Пысық- тау – істің ыңғайын білетін іскерлік- тің, тындырымдылықтың, тыңғы- лықтың қайнар көзі. Пысықтау өз ісіне деген ширақтық пен белсенділік, мақсатына деген сауаттылық пен талғампаздық, күш-қуаттың жі- герлілігі мен жүйелілігі.

Пысық адам ойланбай іске аралас- пайды, орынсыз шиеленіске бармай- ды, істің бас-аяғын сараптап, уақы- тын текке есепсіз босқа өткізбейді, жұмысын айқын мақсатына орай жоспармен жүргізеді. Ақылдасқан іске өзінше байыппен, сеніммен кі- ріседі, оның пайдалы жағын лезде ескеріп, аз шығындану жолын таңдайды. Табыс үшін, өзінің бола- шағы үшін іскер, өнерлі, беделді кісілермен тіл табысуға бейім тұра- ды, олармен ілтипатты қарым-қаты- нас құрады. Пысық адам табысы мен өмірлік қарымын арттырады, өмір- ге деген оптимистік көзқарасымен өзгені еліктіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *