ӘСКЕРИ ПОЛИГОН (грек.polygonos — көп бұрышты) — қару-жарақ пен әскери техниканы сынақтан өткізу, әскерлердің жауынгерлік даярлығын анықтау және соғыс өнерін дамыту мақсатына арнайы бөлінген және жабдықталған орын. Кейбір ғылыми-зертттеу мекемелерін де әскери полигон деп атайды. (мыс., Семей ядролық полигоны). Әскери полигонның тұрақты және уақытша түрлері болады. Алдына қойылған мақсаттарына байланысты ғылыми-зерттемелік әскери полигон, оқу-үйрену әскери полигоны (әскерлік, теңіздік, зауыттық), ал сынақтан өтетіе құралдар түрлеріне байланысты ракеталық әскери полигон, артиллериялык әскери полигон, авиациялық әскери полигон, теңіздік әскери полигон т.б. болып бөлінеді