ПСИХОТЕРАПИЯ (грек. рsусhе – жан+ thraреіа – емдеу). Қысқаша айтқан- да П. адамды (пациентті) психоло- гиялық құралдардың ықпалымен ем- деу дегенді білдіреді. П. – кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әртүрлі психологиялық қиын жағдайларга немесе психика- сын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдасты- рады. Қазіргі кезде П. адамның, тұл- ғааралық қатынастың, топтық үрдіс- тердің болмысына байланысты әр- түрлі теориялық-әдіснамалық ба- ғыттары – психоаналитикалық, нео- бихевиористік, когнитивтік, гума- нистік, нейролингвистикалық бағ- дарламалау (НЛБ) және т.б. бар. П. –психология мен медицина аралы- ғындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білім- дер саласы. П. ауру адамдарды ем- деу мақсатында қолданынатын пси- хологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. П. адам әртүрлі пси- хикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. П. кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұ- рыс қатынасты қалыптастыруға ба- ғытталады. Психотерапияның кли- никалық тәсілдері – гипноз, аутоген- дік жаттығу, иландыру, өзін-өзі илан- дыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арт- тырады. Адамдар арасындағы жа- ғымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.