- Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы. - Ит-тойған жеріне,
Ер-туған жеріне. - Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол. - Бақа көлін сүйеді .
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді. - Опасызда отан жоқ .
- Өз елім-өлең төсегім.
- Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл. - Құлан қаңғын қорғайды,
Киік лағын қорғайды . - Кісі елінде күркірегенше
Өз еліңде дүркіре .
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді. - Есі бүтін елден шықпайды,
Елінің қырын жықпайды. - Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. - Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы. - Ел-елдің бәрі жақсы ,
Өз елің бәрінен жақсы. - Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес. - Іргесі берік елді
Жау ала алмас ,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас . - Сұңқар қиясын сағынады
Торғай ұясын сағынады. - Туған үйдің түтіні жылы,
- Туған ананың күтімі жылы.
Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат .
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат. - Жат елдің жақсысы болғанша ,
Өз еліңнің сақшысы бол. - Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің . - Туған жердің торғайы да сүйкімді.
Отансыздың оты жанбайды. - Отанға опасыздық еткені
Өмірден қаралы боп өткенің . - Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды. - Туған жердің торғайы
Тұрымтайдай көрінер .
Құлыны тайдай көрінер ,
Қыздары айдай көрінер . - Ата қоныс-алтын мекен.
- Туған жердің жуасы да тәтті.
- Отанды сүйю –
От басынан басталады. - Ер жігіт; «Өскен елім-дейді-
Кіндік кескен жерім»-дейді - Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай. - Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар. - Жат жердің қаршығасынан
Өз жеріңнің қарғасы артық . - Тұлпар тегін табар ,
Ер жігіт елін табар. - Адам елінде
Қоға көлінде көгерер. - Бақыр қазан қайнаса-
Бәріміздің бағымыз ,
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз. - Өз інініде көртышқан да батыр.
- Мал екеш мал да
От жеп, су ішкен жеріне тартады. - Жат жерде жаның қиналса
Ел кәдірін білерсің ,
Жұтым суға зар болсаң
Көл кәдірін білерсің. - Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді. - Әркімнің өз жері – ұжмақ .
- Арша өскен жерінде
Адамзат өскен елінде. - Ата мекен-анаң екен,
Қысылғанда панаң екен. - Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды. - Егілмеген жер- жетім,
Елінен айрылған ер-жетім. - Туған жердің
Түйе жейтін жапырағы да дәрі, - Түйе аунайтын
Топырағы да дәрі. - Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
Үйірінен айрылған тұлпар оңбас. - Туған жердің күні де ыстық ,
Күлі де ыстық . - Ат үйірін сағынса
Артқы аяғын қағынар,
Ер үйірін сағынса
Ер-тұрманын тағынар. - Туған жер –тұғырың,
Туған ел –қыдырың. - Елінен безіп, елсізде өлгеннің
Екі көзін қарға шұқиды.