ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ҚҰТҚАРУШЫ БӨЛІМ

ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ҚҰТҚАРУШЫ БӨЛІМ — тау-кен кәсіпорындарында ұйымдастырылатын арнайы құрылым. Негізгі міндеттері — адамдарды тау-кен апаттарынан құтқару, апаттардың алдын алу және олардың зардабын жою. Негізгі тобы — шұғыл әрекет жасайтын бөлімше. Олар ауасы уланған және апаттан бұзылған күрделі жер асты қазбаларда қауыпты жағдайда қалған адамдарды құтқару жұмыстарына арнайы машықтандырылған, 5-7 адамнан тұрады (респираторшылар, командир, жүргізуші). Үш бөлімшеден жасақталған құтқарушы взвод радиусы 8-10 км төңіректегі 5-8 шахтаға қызмет көрсетеді. Бір ауданда орналасқан взводтар (3-10) құткару отрядын құрайды. Облыс немесе кен алабы аумағында отрядтарға арнайы штаб басшылық жасайды. Құтқару бөлімдерінде апат орнына шұғыл жету қажеттілігіне байланысты әскери тәртіп қолданылады. Бөлімдер Қазақстанның барлық ірі кеніштерінде ұйымдастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *