Адам – Тəңірдің жердегі уəкілі

Адам – Тəңірдің жердегі уəкілі

(Мұхаммед ғ.с.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Əрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын!» – деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Негізінен, біз Сені дəріптеп, мақтау мен пəктаудамыз», – деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!» – деді. (Алла Адамды топырақтан жаратып оған жан салды. Алла Адамға (ғ.с.) біртұтас атауларды үйретті де, сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нəрселердің аттарын айтып беріңдер», – деді. Періштелер: «Сен пəксің! Біздің Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Əрине, Сен толық білуші, өте данасың», – деді. (Алла): «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын баян ет», – деді. Сонда (Адам ғ.с.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сəтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» – деді.

(Бақара сүресі, 30-33)

Расында, сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сəжде қылыңдар!» – дедік. Барлығы сəжде етті. Бірақ, Ібіліс сəжде етпеді де, сəжде етушілерден де болмады. (Алла Ібіліске): «Саған Мен əмір еткенде, сені сəжде етуден не тыйды?» – деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың», – деді.  (Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың», – деді. (Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер», – деді. (Алла): «Шынында, мұрса берілгендерденсің», – деді. (Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті, əлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын», – деді. «Сонан соң оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де, олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың», – деді.  (Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Əрине, олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын», – деді. (Алла): «Ей, Адам! Сен жəне жұбайың жəннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда, осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар», – деді.  Сонда шайтан ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан екеуің періште болып кетеді немесе мəңгі қалып қояды деп қана тыйған», – деді. Жəне: «Шынында, мен екеуіңді үгіттеушілерденмін», – деп ант ішті. Сөйтіп, екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сəтте ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жəннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?» – деп дабыстады. (Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мəрхамет етпесең, əлбетте, зиян етушілерден боламыз», – деді. (Алла): «(Жəннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ жəне пайдалану бар», – деді. «Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Жəне ол жерден қайта шығарыласыңдар», – деді. Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жəне сəндік бұйым түсірдік (жараттық). Негізінде, тақуалық  киімі  жақсы. Солар Алланың  белгілері. Əрине, түсінерсіңдер.

(Ағраф сүресі, 11-26)

Нəресте немесе адамның жаратылуы

Ол сондай Алла сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді.

Одан  басқа  ешбір  тəңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі.

(Əли Имран, 6)

Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан жəне оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, əрине шүкір етушілерден болар едік» деп  жалбарды.

(Ағраф, 189)

Ей, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, əрине, Біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен, өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің əр нəрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып  көпсіді де, əртүрлі көркем өсімдік өндірді.

(Хаж, 5)

Расында, адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сонан соң тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қылып, жан салдық. Жаратушылардың шебері – ұлы Алла.

(Муминун, 12-14)

Сонан соң оның нəсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты. Содан соң оны бейнелеп, ішіне өз рұхын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру  жəне  түсіну қабілетін берді. Аз  шүкір  етесіңдер.

(Сəжде, 8-9)

Алла сендерді топырақтан, сонан соң мəниден жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да, тумайды. Алланың Кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Əрине, бұл  Аллаға  оңай.

(Фатыр, 11)

Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сонан соң одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі) сегіз түр пайда қылды. Жəне сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне, осы Раббыларың Алла, патшалық Оған тəн.

Одан  басқа  еш  тəңір  жоқ. Қайтып  бұрылып  барасыңдар?

(Зумəр, 6)

Шүбəсіз, Алла ер, əйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы «мəни» суынан. Шəксіз, екінші жасау да Оған тəн. Сөз жоқ, байытқан да,  өркендеткен  де – Ол.

(Нəжім, 45-48)

Расында, Ол  сендерді  түрлі  жағдайларда  жаратты.

(Нұх, 14)

Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы мəни емес пе? Сонан соң ол ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер-əйел екі жыныс жаратты. Бұларды  жасаған  Алланың  өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме?

(Қиямет, 37-40)

Шын мəнінде, Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық.

Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін  қылдық.

(Инсан, 2)

Сендерді болымсыз судан жаратпадық па? Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе? Белгілі бір мерзімге дейін оның тағдырын  мөлшерледік. Нендей  толық  күшке  иеміз.

(Мурсəлəт, 20-23)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *